АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№7 «Аққу» ересек тобы. «Күзім-ау, күзім-ау, мінезің бұзық-ау»

03.11.2023

 

№7 «Аққу» ересек тобы

Тақырыбы: «Күзім-ау, күзім-ау, мінезің бұзық-ау»

Мақсаты:  Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Тәрбиешілер

Күз Ханшайымы: ата-ана

Барысы: балалар залға мерекеге  музыка әуені бойынша ортаға шығады: Вальс биін билейді.
 Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме. Құрметті ата-аналар, қонақтар! Біздің №7 «Аққу» ересек тобының «Күзім-ау,күзім-ау, мінезің бұзық-ау» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Олай болса қошеметпен біздің балаларды қарсалайық.
Тәрбиеші: Тамаша, жақсы балалар! Орындарымызға жайғасайық.

Жайдарлы күз,

Жарқын күз,

Аяулы күз,

Алтын күз,- деп біздің ортамызға Алтын күз қонаққа келе жатыр қол соғып қарсы алайық. (Музыка әуені бойынша алтын күз ортаға шығады)

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай әдемі, көрікті болып кеткенсіндер. Мен сендердің дауыстарынды,  естіп келіп қалдым, шақыру хаттарыңды да алдым, сендерге көп рахмет.  

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Алтын күз! Хош келдіңіз! Біздің балалар сізге деп арнайы тақпақтар жаттап келді. Тақпақтарын тамашалайық.

Адия: 

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Тракторлар қырда.

Әлішер:

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Жамиля:

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Таймас:

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.

 

Айдана:

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Айлана:

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Астемір:

Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Тәрбиеші: Жақсы балалар, жарайсыңдар. Ал енді  кезекті әнге берейік. Ортаға Айзере мен Жамиля шығады. Олардың орындауында:

Ән: «Күз келді»    

Ойын: «Асқабақ құрастыр»

 М. Айсултан:

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

Саида:

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

Көзайым:

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Малика:

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

Алим:

Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

 

 

Нурали:

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді

Ән: «Күз мезгілі тамаша» қабыл алыңыздар.

Би: «Саңырауқұлақ» (ұлдар)
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар. Қанекей, балалар енді күз мезгіліне  арнаған тақпақтарымызды жалғастырайық.

 Рахим:

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Айзере:

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

С. Даяна:

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Айбарыс:

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

 Эмир:

Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Д. Айсултан:

Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Айсұлу:

Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

 

 

Азамат:

Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

 Мади:

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды. 

Алтын күз: Балалар сендер сондай өнерлі екенсіңдер, рахмет сендерге, әндерің мен тақпақтарын өте тамаша екен. Ал енді менің кезегім, сендерге  арнап ойын алып келдім. Сендер менімен ойын ойнайсыңдар ма?(Балалар иә)

Балалар , сендер көкеністер мен жемістерді таный аласыңдар ма? (Балалар иә). Ендеше байқап көрейік.

Ән «Жапырақ»

Ойын: «Жапырақтан кілемше құраймыз»

 Тәрбиеші: Рахмет сізге Алтын күз! Балалардың көңіл күйлері көтеріліп риза болды сізге. Ал, енді балалардың орындауында ән .

Ән: «Жаңбыр»
Би: «Қолшатыр» (қыздар)

Ойын: «Кірпіге алма жинаймыз»

Алтын күз:  Рахмет балалар, менің сендермен қоштасатын кез келді.Қош сау болыңыздар!                       
Тәрбиеші: Осымен біздің «Күзім-ау, күзім-ау, мінезің бұзық-ау» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмен, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

 

Тәрбиешілер:Зкрина У. Е.

Серикова А. Ж.

01.11.23ж

Просмотров: 2103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст