Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ертеңгілік: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Өткен күні: 22.12.2023ж
Топ: №3«Бүлдіршін» кіші тобы
Қатысушылар: әр түрлі маскарад киімін киген балалар, Қоян, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл, жүргізуші.
Өтілу барысы: Музыка әуенімен қолдарына бұлғап бүлдіршіндер шығады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Бізде бүгін ерекше күн, біз Жаңа жыл мерекесін тойлайын деп келдік.
Би: «Жаңа жыл биі»
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге кімдер жетіспейді?
-Аяз ата мен ақшақар
Ал ендеше аяз ата мен ақшақарды бірге шақырайық.
Аяз ата:Амансыңдар ма ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым!
Өсті міне ойларың,
Өсті міне бойларың
Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың!
Ақшақар:Сәлеметсіздер ме балалар!Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме Аяз ата,Ақшақар ,біздің мерекеге қош келдіңіздер !
Аяз ата:Балалар сендердің шыршаларың жанбай тұр ғой, қалай тойламақсыңдар? Қане бәріміз жағып көрейікші.Ол үшін сиқырлы сөз айтуымыз керек,кәне , менімен бірге қайталаңдар.
1,2,3 ,Шырша шамы жан!
1,2,3 ,Шырша шамы жан!
Жүргізуші: Керемет ,шырша шамы жанды, енді барлығымыз шыршаға арнап ән орындайықшы.
Ән: «Шырша»
Жүргізуші: Ал енді тақпақтарға кезек берейік.
Тақпақтар:
Ангелина
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Али
Тауда туып ,тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Томирис
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже , ата-әже,
Құтты болсын жаңажыл!
Айзере
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Би билеп барлық бала жүр.
Айша:
Ал балалар билейік
Ойнайық та, күлейік
Аяз ата қуансын,
Тақпақ айтып берейік!
Адия:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Аяулым:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын.
Төрле,төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Қоян, саған біздің балалардың биі ұнады ма?
Қоян: Иә, өте өнерлі балалар екен.
Қоян: Мен де балалармен бір ойын ойнағым келіп тұр. Балалардың шапшаңдығын тексеріп көрейін.
Ойын: «Шырша түстеріне қарай ойыншық тағу»
(Шарты: Көңілді әуен ойналады, ортаға балалар шығады. Балалар екі топшаға бөлінеді, Балалар түрлі түсті доптарды шыршаның түсіне сәйкес орналастыру керек.)
Қоян: Ой, жарайсыңдар балалар қандай шапшаңсыңдар.
Жүргізуші: Олай болса Қоян Біздің балалар тек шапшаң емес, әрі өнерлі.Біздің Аяз атаға арнаған билері бар
Би: «Ұлдардың биі»
Қоян:Балалар мен сендермен уақытымды жақсы өткіздім, енді сендермен қоштасатын уақытым да келіп жетті, қош сау болыңдар!
Ойын: «Көңілді шеңберлер»
Аяз ата: Мен сендерге бос келген жоқпын,сендерге арнап сыйлық ала келдім. Ой ,қызым,сыйлығым қайда?
Ақшақар: Асығып ,ұмытып кетіппіз ,енді не істедік?
Осы кезде Жаңа жыл сыйлықтарды алып келеді.
Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме! Ата сыйлық толы қапшығыңызды ұмытып кетіпсіз ,мен өзіммен бірге ала келдім.
Аязата:Рахмет саған Жаңа жыл.Балаларға сыйлықтар таратылады.
Жүргізуші:
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Бүлдіршін» тобының «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!
Өткізген:Калауова Г.С
Кабдуалиева А.Қ