АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің , Жаңа жыл !» №1 "Сұңқар" ортаңғы тобы. Өткізген: Ескендирова А.Н., Темиртас Н.М. - тәрбиешілер, Бейсембаева А.А., Жанабаева Д.М. - музыка жетекшісі, хореограф

27.12.2023

«Қош келдің , Жаңа жыл !»

1 «Сұңқар ортаңғы тобы»

Өткізген:Ескендирова А.Н

Темиртас Н.М

2023-2024 оқу жылы

 

Музыка залына музыка әуенімен балалар кіріп келіп отырады.

Тәрбиеші:-Құттықтау сөзі.

Қоян:

Музыка әуенімен Қоян жүгіріп келіп,көжектерім мында екен бәрін әкетемін.

Орманда кележатқан Айдаһарды көрдім.

Менің жылым деп келе жатыр.

Мен көжектерімді әкетемін.

Тәрбиеші:Қоян қорықпаңыз бізбен бірге болыңыз көжектердің өнерін тамашалаңыз.

Тәрбиеші:-Балалар біз Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырмыз.Ендеше шақырайық!

Аяз ата , Ақшақар! 3-рет шақыру.

Осы кезде,Аяз ата мен Ақшақар! Келіп кіріп құттықтайды.

Тәрбиеші:Аяз ата Ақшақар! Төрлетіңіздер!

Қонақ болып,балалардың өнерін тамашалаңыздар!

Тәрбиеші:»Аяз ата» туралы (Барлық бала жарты шеңберге тұрып айтады)

Тәрбиеші:-Мерекені тақпақтармен жалғастырайық.

1.Қайрат

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

2.Әмір

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

3.Медина

Дала нұр,қала нұр

Құтты болсын жаңа жыл

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл,жаңа жыл

4.Дарина

Келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып көріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

5.Томирис

Той,мереке,салтанат

Думандатып шартарап

Келді,міне жаңа жыл

Сыйлықтарын арқалап

6.Зара

Жаңа жыл сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе алыстан

Сәлем,аяз атамыз

7.Айжан

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Көңілді музыкамен маша кіріп келеді.

-Ой балалр! Жаңа жыл құтты болсын.

Мен үлгердім Алақай,Алақай!

-Балалар мен Аюмен бірге шыққанмын.Ол орманда аңдар мерекесінде қалып қойды.Келем деген.

Тәрбиеші:Маша сен бізбен мерекеге қатысып,көңіл көтер.Аю келіп қалар.

Би:»Көжектер»

Тәрбиеші:Мерекені тақпақтармен жалғастырайық

8.Санжар

Жаңа жыл мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Бізге құтты жыл болсын

9.Ару

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күткен сағынған

10.Амангелді Диас

Аспан жерге төгеді!

Ақ күмісін уытып

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылытып

11.Нурислам

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

12.Ансар

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз

13.Сұлтан

Аяз ата аппақ

Кәмпиті тәтті-ақ

Көп берсең кәмпит

Тағы айтамын таппақ

14.Аяла

Жаңа жыл келді

Қуантып бізді

Алақай!Алақай

15.Зере

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ Аяз атамыз

16.Хасенова Амина

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық бәріміз

17.Бану

Аяз ата келді

Қуантып мені

Алақай!Алақай!

18.Мажимова Амина

Жаңа жыл келді

Кәмпит берді

Алақай!Алақай

19.Саду Диас

Кел жаңа жыл

Төрле,төрле

Береке әкел еліме!

20.Дарын

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Маша:Балалар мен сендерге ойын әкелдім.

Ойынның аты:»Мұздатамын»

Ойынның шарты:Дене мүшелерін(Қол,көз,құлақ,бас,аяқ,мұрын) керісінше жасап ойнатып,көрсетеді.

Тәрбиеші:-Маша олай айтпа.Балалар дұрыс па? Балалар жоқ

Маша дұрыстап ойнатады ойынды.

Тәрбиеші:Біздің жаңа жылымыз Айдаһар кіріп келеді,Айдаһар құттықтау сөзін айтады.

Тәрбиеші:-Айдаһар сіздің құрметіңізге біздің қыздар «Ақшақар» биін билеп береді.

Аяз ата:-Менің қоңырауға салған,Балаларға арналған сыйлықтарым бар.басқа біреу әкетпесін деп қоңырауға салып қойғанмын.Ол қайда екен?

Ақшақар да іздей бастағанда,қоңырау соғылып.Аю кіріп келеді.

Аю:-Мен орманда келе жатып,осы қоңырауды тауып алдым шанадан түсіп қалған екен.

Аяз ата:иә,иә бұл балалрға арналған сыйлықтарым ғой.Қоңырау астында тұрған сыйлықты алып балаларға көрсетеді.

Ақшақар:қалған сыйлықтарды шанамен алып келеді.

Аяз ата:-сыйлық берместен бұрын осы қоңыраумен ойын ойнатамын.

Ойын:Қоңырау

Ойынның шарты:Музыка ойналады.Музыка тоқтағанда ,қоңыраумен баланы жабады.Қоңырау астында кім? Баланың атын айтып табады.

Тәрбиеші:Жақсы ойын екен рахмет!Аяз ата!

Ән:»Кішкентай шырша»

(барлық бала шыршаны айналып әнді айтады)

Тәрбиеші:Қонақтар!Баршаңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын!

Просмотров: 123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст