Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: «Көңілді Жаңа жыл!»
Мақсаты: Жаңа жылдың қыс мезгіліндегі ең ерекше мереке екенін балаларға түсіндіру. Өлең, тақпақтар айту арқылы сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойын түрінде балаларды мерекені сезінуге жақсы көңілкүй сыйлау. Мерекеде көңілді, ұқыпты, болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын!
Құрметті қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа құт әкелсін. Денсаулықтарын зор болсын, аспандарыңыз ашық болсын. Бүгінгі біздің балаларымыздың Жаңа жылға арналған алғашқы ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер!
Тәрбиешілер: екі қатарға тұрғызып шыршының екі жағынан қол ұстасып кіреді.
Балалар , бұл не?
Бұл шырша!- Балалар айтады.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.Біз шырша мекересіне келдік.
Балалар, біздің шыршамыз әдемі бірақ оның шамдары шанбай қалыпты, шамдарын жағу үшін бізге аяз ата мен ақшақар келу керек. Қоян: Біркезде залға секіріп қоян келеді қолын бұлғап балалармен амандасады. Балалар сендер қандай әдемісіндер, неге көңіл күйлерін жоқ? неге отырсындыр? Жүргізуші: Салем бердік қоян, сенін келгенің жақсы болды, балалардың көңілін қалай көтерсек екен? Сен маған көмектесщі. Қоян: Жақсы, олай болса балалар қыста не жауады аспаннан? Қар жауады ендеше кәне қар атысып ойнайық. Содан кейін оны жинайық мына себетке. Қоян балалармен бірге ойнайды. ( Музыка) Жүргізуші: Дұрыс айтасын ойын қызықты сияқты, ойнап көрейік. Екі жаққа қатар тұрып бір біріне қар атысып содан соң оны себетке жинап ойнайды. ( Музыка) Жүргізуші: Қоян балалар Аяз ата Ақшақарды шақырайық мына шыршамыздың шамдарын жағып берсін. Балалар бәріміз Аяз ата ақшақар деп шақырайық. Барлығы шапалақтап шақырады. Дыбыс естіледі қардың басқар дыбысы және боранның уілеген дыбысы.Аяз ата мен Ақшақар келеді муз әуенімен. Аяз ата Ақшақар: Салем менің кішкентай ботақандарым, көңілді де мейірімді айналдым сендердің беттерінен. Ақшақар: өздері сондай сүйкімді екен, кішкентай болсада ақылды екен, Ата. Жүргізуші және Қоян: амандасады Аяз атамен Ақшақармен. Аяз ата Ақшақар біздің шыршамыздың шамдары жанбапты не істеуге болады. Аяз ата:Ол үшін балалар тақпақ немесе би билеу керек. Өздеріннің сондай өнерлерін бар ма? Жүргізуші: Әрине біздің кішкентай қояндарымыз көжектеріміздің «Көңілді қояндар» биін тамашалайық. Би: «Көңілді қояндар» Аяз ата:Тамаша өздерін көңілді қоян десе көңілді екенсіздер. Жүргізуші: Біздің балалар биді де ойынды да ойнағанды ұнатумен қатар, тақпақта айта алады. Құрметті қонақтарым келесі кезекті тақпаққа берейік Тақпақтар:
Айерке
Келіңдер, келіңдер! Тақпақ айтып беріндер. Жомарт Аяз атадан, Сыйлық алып көріңдер
Давид: Далада қарборайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады қатады, Жып жылтыр боп жатады.
Айдана:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сғынған
Сәлем берді жұртына
Айбиба:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдыз,
Көз тоймайды қараса
Аяз ата: Жарайсындар балалар Енді біздің шыршамыздың шамында жарқыратып көңілдетіп қояйық. Бәріміз бірге. Мына сөздерді айтайық-
«Қуант бізді таңырқат шамдарынды жарқырат»-екі рет айтады бәрі бірге.
Жүргізуші: Балалар қарандаршы шыршамыз қандай әдемі, Осы әдемі шыршамыздың құрметіне арнап біздің кішкентай қыздарымыз өз өнерлерін билерін сыйға тартады
Би: «Ақ ұлпа биі»
Жүргізуші : Жарайсындар қыздарым.Кәне қоян ақшақар келіндер балалармен бірге ойын ойнайық. Келесі тағы бір ойын «Шыршаны безендіру»
Ойын:«Шыршаны безендіру»
Балалардың қолдарына бір бір ойыншық береміз мына құрсаулардан секіріп секіріп шыршаға ілеміз.
Аяз ата: Шыршамызды айналайық- музыка
Аяз ата: Балалар мен сендердің тамаша көңілді шыршаға арналған мерекені тамашаладым мен сендерге бос қол келген жоқпын сендерге арнайы сыйлығымыз бар. Аяз ата ақшақар аққоян барлығы рахметін айтып балаларға сыйлықтарын табыстайды. Жүргізуші: Біздің көңілді жарқын қонақтарымыз Аяз ата, ақшақар, қоян сіздерге үлкен рахмет. Осымен бүгінгі көңілді ертеңгілігіміз аяқталды, Сау болыңыздар.
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз, дендеріңіз сау болып, отбастарыңызда тыныштық болсын, Жаңа жыл жаңа бақыт, қуаныш, жаңа табыс, жақсылық әкелсін. Сау болыңыдар!