Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Жаңа жылым ,Армысың!» мерекелік ертеңгілік.
Кәмпит: (ортаға билеп шығады)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жаңа-жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шатыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз –ата сендерге әлі келген жоқ па?
Кәмпит: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?
Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.
Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.
Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап айтады).
Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!
Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.
Кәмпит: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –
Алло, ата «Бүлдіршін» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?
Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.
Кәмпит: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.
«Шырша» әні.
Кәмпит: -Балалар, Аяз –Ата өзі қандай?
Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.
Кәмпит: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).
Кәмпит: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!
Аяз-Ата: шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.
Қоян кіріп келеді. Жылайды.
Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз. Балалар саған тақпақ айтып береді
Жаңа жылда,балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
3. Тель.Сафия
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың
4. С.Сафия
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
6.Арлан( Чингиз )
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды
Қоян:,Балалар сендер тақпақты күшті айтады екенсіңдер көп рахмет. Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.
Кәмпит: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.
Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!
Кәмпит: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді.
1. Медина.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
2. Амирхан
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
3.Амеля
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз
4. Алим
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
5. Ж.Адия
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың
6..Дария (Ислам)
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
7.Әлімхан
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны
Жұпар иісі аңқыды
Апамды да мәз қылды
8.Томириз
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Ұлпалар келіңдер Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.
«Ұлпалар» биі.
Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.
Кәмпит: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?
Аяз-Ата: Қазір мен ормандағы барлық гномдарды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер.
Кәмпит: Ал, аңдар, келіңдер, көмектесіңдер.
«Гномдар » биі.
Аю: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен қорықпаймын.
Мына сенің достарын маған тақпақтар айтып берсін сосын мына үйді босатымын.
Тақпақтар:
1.Тулебай Адия ( Мағжан)
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
2.Зарина
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған
3.Хабиба
Жаңа жылды қарсы алдың
Міңіп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
4.Раяна ,
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын.
5.Нұралы
Тамаша.тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басыда әсем жұлдызы
Көз тоймады қараса
Аю: Қандай керемет маған өте қатты ұнады. Сендер өте талантысыңдар!
Мен енді қоянның уйін босатамын.Ешқашан енді қоянды ренжітпеймін.
Қоян: Балалар рахмет сендердің көмектеріңе.
( қоян мен түлкі құшақтасып қоштасады.)
Аяз-Ата: Ал енді барлығымыз бірге ойын ойнайық
Ойын: «Пима»
Шарты: 2 ойыншы 2 сыңарды бөліп алады Біреуі оң біреуі сол аяғыныкін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып ортаға бірінші жету керек.
Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.
«Аяз ата» әні.
Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.
қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?
Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім. Балалар маған тағы бір ән шырқап берсін, содан кейін мен сыйлықтарын таратамын.
«Ақ қоян » әні.
Аяз-Ата: Менім сыйлықтар салынған қапшығым қайда?
Аю: Аяз- Ата біз жолда кетіп бара жатып мына сыйлықтар салыған қапшықты тауып алдық.
Қоян: Міне кейіңіз
Аяз Ата: Рахмет сендерге! Сендер болмағанда мен не істер едім!
Аяз-ата сыйлықтар таратады.
Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл мол табыс әкелсін.
Денсаулықтарын мықты болсын,
Сау болыңдар, балалар!
Кәмпит: Ал, құрметті қонақтар! «, Жаңа жылым армысың»» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!