АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Келді міне,Жаңа жыл», №8 ересек тобы. Дайындаған: тәрбиешілер Кабдушева Ж.Б. Мусылманбекова А.Х., музыка жетекшісі, хореограф Жанабаева Д.М.

28.12.2023

«Келді міне,Жаңа жыл»

Балалардың  залға кіруі.

Жүргізуші : 

Жаңа-жыл келді о, міне,

Далама, қалама, жеріме.

Шатыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

Жүргізуші : Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?

Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.

Жүргізуші : Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.

Балалар: Ақшақар  (3 рет қайталап айтады).

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Шыршаларың  керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.

Жүргізуші: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –

Алло, ата  «Құлыншақ» тобының  балалары  шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?

Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.

Жүргізуші : -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз тақпарымызды  айтайық.

  1.  

Жаңа жылда,балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен

  1.  

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

  1.  

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың

  1.  

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

  1.  

Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

  1.  
  2.  

Аяз ата ортада

Би билейді балаша

Ақшақар: Балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).

Аяз ата келеді: (Құттықтау сөз)

Жүргізуші: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!

Ән: «Аққала»

                                  Қоян кіріп келеді. Жылайды.

Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болыпқалды, бізсағанкөмектесеміз. Балалар саған тақпақ айтып береді

Қоян:Балалар сендер тақпақты күшті айтады екенсіңдер көп  рахмет

Орман ішінде  өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қасқыр мен аю қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.

Жүргізуші: Не деген сұм қасқыр, қоян, жылама, біз саған көмектесеміз.

Қоян: Мен қасқырдан қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай!

Мінезі жаман!

Жүргізуші: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды  көмекке  шақырайық.

Олар билейді, оны қасқыр мен аю естіп, қорқып, қашып кетеді.

Би «Ұлпалар»  (қыздар)

                                      Мерекелік  тақпақтар:

 

7. Алихан

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да

Өзіңдісағынды.

8. Аружан

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын  Жаңа жыл

9. Еркежан

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

10.Камиль

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны

Жұпар иісі аңқыды

Апамды да мәз қылды

 

 

Ойын: «Байпақ»

Шарты: 2 ойыншы 2 сыңарды бөліп алады. Біреуі оң біреуі сол аяғына киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып ортаға бірінші жету керек.

Жүргізуші: Балалар келіңдер  әнді бастаңдар, қасқыр  қорқып қашып кетсін.

Ән: «Шырша»

Қасқыр: Мен ешкімнен қорықпаймын.

Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, қасқырға  не істеуге болады?

Аяз-Ата: Қазір мен ормандағыбарлықаңдардыкөмеккешақырамын,

қасқыр олардан  қорқып  қашып  кетер.

                                                  Мерекелік тақпақтар:

11.Али

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

12.Қайсар

Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған

13.Кәусәр

Жаңа жылды қарсы алдың

Міңіп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым  биге дет

14.Мария

Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле  Жаңа жыл
Бізге  Құтты жыл болсын.

15.Кира

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды

Жүргізуші: Ал, балалар, келіңдер, көмектесіңдер.

 Би: «Аяз аталар» (ұлдар)

Аю: Мен үйден шықпаймын,

Мен ешкімнен қорықпаймын.

Мына сенің достарын маған тақпақтар айтып берсін сосын мына үйді босатымын.

Аяз-Ата: Ал енді барлығымыз  бірге ойын ойнайық

Аяз атаның ойыны: «Кім жоғалды»

Шарты: Балалар  дөңгеленіп билейді музыка тоқтағанда  Аяз ата бір баланы жасырады.

Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ! Бір түрлі қобалжып кеттім.

қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым.

Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Қасқыр мен Аю шығады: Қандай керемет маған өте қатты ұнады. Сендер өте талантысыңдар!

Мен енді қоянның уйін босатамын.Ешқашан енді қоянды ренжітпеймін.

Қоян: Балалар рахмет сендердің көмектеріңе.

 

(Қоян, қасқыр, аю құшақтасып қоштасады)

Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?

Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім.

Аяз-Ата: Менім сыйлықтар салынған қапшығым қайда?

Аю: Аяз- Ата біз жолда кетіп бара жатып мына сыйлықтар салыған қапшықты тауып алдық.

Қоян: Міне таптым

Аяз Ата: Рахмет сендерге! Сендер болмағанда мен не істер едім!

 

                            Аяз-ата сыйлықтар таратады.

Аяз-Ата, Ақшақар: 

Ал, балалар, біз қайтайық.

Бізді басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңа жыл мол табыс әкелсін.

Денсаулықтарын мықты болсын,

Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Жаңа жылым –Армысың!»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.


 

 

 

 

 

Просмотров: 970


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст