АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа жылды тойлаймыз!», №7 ересек тобы. Дайындаған: тәрбиешілер Зкрина У.Е. Серикова А. Ж., музыка жетекшісі Бейсембаева А.А., хореограф Жанабаева Д.М.

28.12.2023

Тақырыбы: «Жаңа жылды тойлаймыз!»

Мақсаты:

-Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағұлмат беру.

-Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.

-Балалардың бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Кейіпкелер: Жүргізуші жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар, мыстан,қоян, сайқымазақ

Репертуар:

Әндер:

1.  «Шырша жыры»

2. «Ақ қоян»

3. «Міне келді Жаңа жыл»

Билер:

1. «Гномики»

2. «Барьби»

3. «Флешмоб»

Ойын:

«Шырша, қар, ойыншықтар»

2. «Суретке қарап қайтала» (қоян мен ойын)

3. «Кім жылдам» (сайқымазақпен ойын)

4.  «Шар  жинау»  (Ата-аналармен ойын)

Ертеңгілік барысы:

Сайқымазақ:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Таңырқанып тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады

Шырша жырын жырлаңыздар

Келіңіздер, келіңіздер!

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер!

  Залға шығу:  «Жаңа жыл» әні арқылы балалар ортаға шығады

Жаңа жыл: Балалар Аяз ата келгенше ойын ойнап сергіп алайық

Ойын: «Шырша, қар, ойыншық» құрастыру.

Жаңа жыл: Балалар шыршамыз әдемі екен бірақ көңілсіз екен, Қалай ойлайсыздар кімді шақыру керек? Балалар жаңа жылдық мерекеге кімдер жетіспейді. (Аяз ата, Ақшақарды  шақырайық)

 Осы кезде  қоян шыршаны айналып шығады, Мыстан аяз ата дайындаған сыйлықты алып кетуге келеді ,содан кейін Аяз ата мен Ақшақар шығады

Аяз-ата:

Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларын.

Өздеріне оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр -ау демалғым.

Ақшақар:  Қандай керемет сарай, әсем шыршамыз тұр, қандай сүйкімді балдырғандар! Қане, достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық, сыйлықтан да құр қалмайық. Шырша шамын жағайық.

Аяз ата: Дұрыс, айтасын жаңа жыл. Балалар кәнекей бәріміз сиқырлы таяғым арқылы сиқырлы сөздерді бірге айтып, шырша шамдарын жарқыратайық, «Қуант бізді танырқат, шамдарынды жарқырат» (3-рет қайталап айтады балалармен бірге)  

Ән: «Шырша жыры»

Жаңа жыл:  Аяз ата сізді көптен күттік біз, сыйлықтарын мол шығар. Менде бүгін келіп тұрмын.Тақпақтары, әндері дайын, бәрі сізге арналған. Балалар  біздің  Аяз атаға арналған тақпақтарын бар шығар, ортаға шығып айтып берсек қайтеді.

Ақшақар: Біз сыйлықтарды кеше қояннан беріп жібергенбіз.

Жаңа жыл: Жақсы қоян келгенше.  Мерекеге арналған тақпақтарымызды айтайық.

Айбарыс:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Даяна:

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Рамазан:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Адия:

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Эмир:

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Көзайым

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Астемір:
Аяз – ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

 Аяз ата: Жарайсыңдар, тамаша. Ал енді қоянды шақыртайық сыйлықты қайда қойғанын айтсын.

 Қоян: Аяз ата сыйлықтарды мыстан алып кетті, мен өз көзімен көрдім.

Жаңа жыл: Мыстан кемпірді табу үшін біздің балалар көмектесді. Иә балалар? біздің балаларымыздың дайындаған өлең, тақпақтары арқылы біз сыйлықты қайтарамыз!.

Аяз ата: Иә,иә  Ашақар кел балалардың өнерлерін тамашалайық.

Би: «Гномики» (ұлдар биі)

Алим:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Д.Айсултан

Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.

Мади:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.

Айдана:

Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Рахим
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Азамат
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Ән: «Ақ қоян»

Қоян:  Рахмет балалар, мен сендерге ойын ала келдім .

 Ойын: «Суретке қарап қайтала» (қоян мен ойын)

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Іздер арқылы секіріп, жіп арқылы жүріп, екі бала кездесіп, қояннан бір суретті таңдап алып, суретте не берілген соны қайталап жасайды.

Ойын: «Шар лақтырып қар жинау» (ата аналармен ойын)

Би: «Барьби»

Жаңа жыл: Ертеңгілігімізді балалардың тақпақтарымен жалғастырайық.

Амирхан:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Айсулу:

Өзеніме, көліме

Әсем ою ойыпты

Ағаштардың бәріне

Алқа тағып қойыпты

Айзере:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Алишер:

Тазартып бар кір шаңнан

Қыс өнерін бастады

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады

Айлана:

Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек, ақ мамық

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып

Қырау атып жағаға

Аяз беттен өбеді

Бірі мініп шанаға

Бірі шаңғы тебеді.

Малика:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Нурали:

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
М.Айсултан:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

 

 

Таймас

Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, Аяз ата,

Жамиля

Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,

Жаңа жылда би билеп,

Ал кәнекей ән салдық!

Ойын: «Кім жылдам»

Ән: «Келді міне жаңа жыл»

Аяз ата: Ал енді балалар Жаңа жылды қарсы алдық, Жаңа жылға ән салдық. Менен сыйлық алуға мыстанның үйіне барайық. ( бәрі көздерін жұмып боранның дауысы арқылы мыстанның үйіне келеді, тарсылдатады)

Мыстан үйінде болмайды,басқа жаққтан келеді.

Мыстан: Мә, мыналар менің үйіме келіп алыпты ғой. Сендерге не керек менде ештеңе жоқ, мен алғам жоқпын.

Қоян: Иә сен алдың, мен көрдім.

Мыстан: Жарайды енді мен әзілдедім сыйлықты қайтарам ,егерде сендер менімен бір би билесеңдер.

Би: «Флешмоб»

(Сыйқырлы қорапқа қарды лақтырып сыйлық алады).

Аяз ата: Сыйлықты барлығың алдың дар ма, бәріңе жетті ме? Мен ризамын сендерге, әлі де барара жерім көп келесі жылы кездескенше қош сау болыңдар.

Ақшақар: Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар жаңа жыл жаңа бақыт, табыс, құт береке әкелсін. Осымен «Жаңа жылды тойлаймыз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотров: 963


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст