Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Келді міне,Жаңа Жыл»
Балалар музыкамен безендірілген залға кіреді.
Жүргізуші:Салеметсіздерме, Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар!№5 «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобынының Жаңа жылға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Балалардың тақпақтары (7 бала)
Айғаным: Жаңа жылға арналады жаңа жыр, Жаңа жылда шақырады бар өмір. Бақыт болып жаңа жылым келді ғой, Құтты болсын! Құтты болсын жаңа жыл!
Жігер Оралды өлкеме, Жаңа жыл,армысың! Оранды ақ көрпе, Асқар тау,қарлы шың. Тоғай да,баулар да, Ақ күміс жамылды. Дала да, таулар да, Өзіңді сағынд Абдумусаввир: Жаңа жылды біз тойлап Шаттанамыз бәріміз Өлең де әзір ән әзір Ойын да әзір – бәрі әзір, Кел, Жаңа Жыл, біздерге, Кел, Жаңа Жыл, Жаңа Жыл! Мирас: Әнге салсақ бәріміз, Жарасады сәніміз. Ақ матадан аумайды, Ауладағы қарымыз. Сансыз моншақ тағынған, Сансыз жұлдыз жағылған. Ертелі-кеш шықпаймыз, Жасыл шырша жанынан. Самира: Даланың да,қаланың, Думандатып отбасын, Тағы міне,Жаңа жыл, Қақты уақыт қақпасын! Жоламасын елге мұң, Жаңғырып кел,Жаңа жыл! Әкелердің еңбегін, Жандырып кел,Жаңа жыл!
Аңсар Жаңа жылым жол болсын Басқан қадам оң болсын Төрлет,төрлет жаңа жыл, Бізге құтты болсын Сафия: Келді міне жаңа жыл Қарсы алайық бәріміз Күліп ойнап ,би билеп Ән салайық бәріміз
Шырша жанында сандық тұр. Жүргізуші: Балалар сендер көріп тұрсыңдар ма?Сендерге Аяз ата сандық толы сыйлықтарды дайындаған еді, біз осы сандықты сақтай алмадық. Ашулы сиқыршы өзінің сиқырымен сандыққа 4 құлып салып сиқырлап қойды. Ол балалардың қуанғанын көргісі келмейді. Себебі оның жүрегі қара, еш қуануды білмейді. Енді жаңа жыл мерекесі болмайды, себебі сыйлықтар жоқ. Сыйлықтарсыз мереке бола ма?Мен ойлаймын мына құлыптың кілті болмауы мүмкін емес. Біз қайткенде кілтті табуымыз керек. Біз кілтті табуға жолға шығуымыз керек. Ал балалар сендер сиқырланған құлыптың кілтін табуға бізбен барасыңдар ма? Балалар:Ия. Жүргізуші:Кілтті бәріміз бірге іздейік.Жолымыз жеңіл болсын деп жақсы бір ән айтайық. ӘН: «Кел Жаңа Жыл» (қыздар)
(Музыка әуенімен түлкі қолына кілт ұстап шығады.) Жүргізуші:Сәлеметсің бе,түлкі? Сезім- Түлкі:Сәлеметсіз бе?Мұнда не істеп жүрсіңдер? Жүргізуші:Біз сиқырланған құлыптың кілтін іздеп жүрміз. Сезім- Түлкі:Сиқырлы құлыптың кілтін табу оңай емес.Оны табу үшін балаларың өнер көрсетсін . Би:«Крутые санты» ұлдар биі
Сезім-Түлкі:Тауып алған бір кілт бар еді, соны әкеп берейін. Міне мына кілт пе? Жүргізуші: Рахмет,түлкі. Сиқыршының басқа кілттерді қайда жібергенін білесіз бе? Сезім-Түлкі:Білмеймін, сендерге сиқырлы кілті бергенімді сиқыршы білсе, онда маған жақсы болмайды. Егер білсе мені жазалайды. Жолдарың болсын, қалған кілтті өздерің тауып аларсыңдар.
(Әуенмен қасқыр мен аю шығады) Жүргізуші:Қасқыр, аю сендер қайда барасыңдар? Асадуллах-Аю:Жаңа жыл кешін тойлауға бара жатырмыз. Жүргізуші: Сендер бізге сиқырланған кілтті табуға көмектесесіңдер ме? Ернияз-Қасқыр:Қандай кілт? Жүргізуші:Балаларға арналған мерекелік сыйлықтар салынған сандыққа сиқыршы сиқырлы құлыптар салып қойды.Сендер сиқырлы кілтті көрген жоқсың ба? Мирас-Аю: Алдымен сендер бізбен ойын ойнандар, сонда біз сендерге кілтті береміз. Ойын: «Шеңберді орнықтын басына ілу» Мирас-Қасқыр: Жарайсындар балалар біздің бір көңіліміз көтеріліп қалды ғой.Балаларға кілтті береді Жүргізуші: Ой, рахмет Қасқыр,Аю сендерге. Ал басқа кілттерді қайдан табуға болады? Ернияз-Қасқыр: Жоқ, білмеймін. Орман тұрғындарынан сұра бәлкім солар білер? ӘН: «Орманда шырша туыпты»
(Қоян музыкамен ішке кіреді.) Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қоян? Айханым-Қоян: Маған кедергі жасамаңдар, менің көңіл-күйім жоқ. Мен ойын ойнағым келіп тұр. Жүргізуші: Бірге ойын айтайық. Ойын: «Шеңберлердің ішінен шырша ойыншықтарын қолғап киіп тарелкаларға қою» Айханым-Қоян:Жарайсыңдар көңілімді көтердіңдер.Мұнда не істеп жүрсіңдер? Жүргізуші: Біз сандықтың сиқырлы кілтін іздеп жүрміз. Сіз ақылдысыз, бізге көмектесіңізші? Айханым-Қоян: Егер сендерге көмектесcем маған сандықтағы сыйлықтарды бересіңдер ме? Жүргізуші: Әрине береміз, сыйлық бәрімізге жетеді. Айханым-Қоян: Ендеше мына кілті алыңдар. ( Машинаның кілтін алып келеді). Жүргізуші: Жоқ бұл емес. Құлыптың кілті басқа Айханым-Қоян: Ой, қартайған басым - ай тауып алған бір кілт бар еді, соны әкеп берейін. Міне мына кілт пе? Жүргізуші:Рахмет сізге, дәл осы кілт! Айханым-Қоян: Балалар шыршаларың көңілсіз ғой. Менің сендерге сыйлығым болсын, шыршаларыңды жағып берейін. Қане, менімен қайталаңдар: Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат – 2рет ӘН: «Шыршамы қандай әдемі» Жүргізуші: Балалар енді ескі жыл қоян жылымен де қоштасатын уақыт жетті. Қоян жылын шығарып салайық. Айханым-Қоян: Балалар, сендермен жүргеніме де 1 жыл уақыт болыпты. Жаман жыл болған жоқпын. Бір жыл бойы өнерлеріңді тамашаладым, балабақшадағы қызықты күндеріңді бірге қызықтадық. Келесі кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші:Балалар, шыршамыз жанды, енді жаңа жылдың сәні мен көркі кімдер екен. Шыршамызға кімдер жетіспейді? Балалар: Аяз ата мен Ақшақар Жүргізуші: Олай болса, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Аяз ата, Ақшақар аууууу..... Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың. Асаулармен алысқан, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге шаршап келді алыстан. Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Аяз ата шырша шамы жанып жарқырап тұр. Балаларда Жаңа жыл мерекесін көңілді қарсы алуда. Бізді күтіп қалған сияқты, қане, қане келіңдер! Аяз Атаға тақпақ айтып беріңдер. Балалар тақпақтар: (7 бала) Даяна Қараңдар мынау шыршаға Неткен әсем көрікті Жаңа жылдық думанға Аяз ата келіпті Алиса: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. Али: Қараңдар мынау шыршаға Неткен әсем көрікті Жаңа жылдық думанға Аяз ата келіпті
Дамир: Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған Айзада Қандай қызық қыс деген, Бәрін шебер істеген. Бақша бауды,тауды да, Бояған ақ сүтпенен. Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып, Келді қысқы сапардан, Аяз ата оралып. Асадуллах: Ойындағы бар мейірім,қуанышын, Балдырғандар,өздеріңе беріп тұр! Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр, Намыс,жігер,бақыт гүлін ашып тұр. Адамзаттың армандары асқақтап, Тебіреніп от сезімі тасып тұр. Даниал: Көптен күтіп сағынған Көрдік Аяз атаны Базарлықты баршаға Әкеліпті ол тағы Қарасын деп тамсана Безендірдік шыршаны. Би: «Лента» қыздар биі Жүргізуші: Міне тағы келіп тұр. Жаңа бір жыл балалар.Жадыратып жер үстін Төрімізге ол шыққан Бақыттымыз сәнімізЖаңа жылды сондықтан Құттықтаймыз бәріміз.Жаңа ұлу жылын ортаға шақырайық.
(Ұлу әуенмен кіріп келіп билейді.) Асадуллах-Ұлу: Мен жаңа жылмын, Жаңа нұрмын. Жырымды да төгейін, нұрымдыда себейін. Жүргізуші: Қош келдіңіз, Жаңа жыл! Бізге сіздің көмегіңіз керек болып тұр. Сандықтың сиқырлы кілті керек болып тұр. Асадуллах-Ұлу: Маған сиқыршы жаңа жылға баратынымды біліп, мына кілтті беріп жіберді. Бәлкім осы болар. Жүргізуші: Рахмет, жаңа жылым
Балалардың тақпақтар: (7 бала)
Ернияз Ақ көңілмен айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын жаңа жылда. Мансур Жасыл шырша қош келіпсің Сені аңсап жүрдік біз Өзіңмен жаңа жылды
Қарсы алуға келдік біз
Жасыл шырша жанында
Ойнап күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңінде айтамыз. Сезім Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды. Жанали:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен
Нұрай:
Жаңа жылда алдағы.
Көңіл өсіп кеңейсін,
Ортақ ойы арманы.
Жақсы дәстүр көбейсін,
Арлен: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Әмір: Тамаша тамаша Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса Би:«Ариба»
Жүргізуші:Біз кілттерді таптық. Аяз ата Бізге сандықты ашып беріңізші. (Сандық ашылып, балаларға сыйлықтар таратылады) Жүргізуші:Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың тағыда баратын жері бар. Сендер секілді балалар күтіп отыр екен. Олармен қоштасайық. Аяз ата: Ал, балалар, өнерлі екенсіңдер, жарайсыңдар. Келесі кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші: Алланың нұры жаусын әр үйге Жақсылықты тілеймін бар әлемге. Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын, Қуанышпен ақтілек ақтарылсын. Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, балалар осымен бүгінгі «Келді міне,Жаңа Жыл» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Жаңа жылда жаңа табыс,жаңа бақыт,елімізде құт-береке,тыныштық болсын деп тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!