Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Ұстаз болу – қастерлі міндет». Сол міндетті атқару жолында, біз-ұстаздар, еңбек етіп келеміз. Сол міндетті атқару жолында өзімізді үздіксіз жан-жақты дамытудамыз. Ал жан- жақты дамытудың бір жолы ол – тәжірибе алмасу. Ағымдағы жылдың 25-26 желтоқсанында, Астана қаласының конгресс- центр ғимаратының төрінде, «Ulttyq ustaz online academy» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ұстаз: Білім берудегі трансформация көшбасшылары» атты ІІ - ші жыл сайынғы форумы өткізілді. Жиын мінбесінен қазақстандық білім беру саласының құрметті өкілдері, сонымен қатар шетелдік аға оқытушылар мен білім саласына еңбегі сіңген педагогтар сөз сөйлеп, форумды халықаралық деңгейге шығарды. Екі күнде іс- шарада білім саласының үздіктері өздерінің тәжірибелерін ортаға салып, әртүрлі кейстер талданды. Форумда Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларынан келген білім беру ұйымдарының басшылары мен сарапшыларының өзекті сұрақтарына шешім табуға жағдай жасалды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар мен білім саласы көшбасшыларының тәжірибе бөлісуге арналған ашық алаңында өзекті мәселелер, алдағы жоспарлар, жұмыс нәтижелері аталды.
Біз, Көкшетау қаласы «Қуаныш» бөбекжайы ұстаздары аталған форумға қатысып, эко – этнопедагогикалық цифрландырылған бағыты бойынша тәжірибемізмен бөлісіп қайттық. Ұлттық болмыс пен тәлім – тәрбиеге негізделген «Тамыры терең тәрбие» тақырыбын тілге тиек ете отырып, атқарлыған жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспарда бар авторлық бағдарламаларды көрсеттік. Бала тәрбиесі тал бесіктен басталса, сол бесіктің заманауи образы ол – балабақша. Сондықтан да біздің мақсатымыз айқын. Ол - кешегі күннің мұрасы мен бүгінгі күннің жаңашылдығын ұштастыра отырып, әлеуметтік, физикалық, логикалық, тұлғалық, креативті ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету жолында «Ұлттық ұстаз: Білім берудегі трансформация көшбасшылары» атты форумының қосар үлесі зор. Аталған іс- шараға және оның ұйымдастырушыларына алғыс айта отырып, форумның беделі мен үлесі арта берсін деп тілейміз!
Балаға тәрбие мен білім беру жолында үздіксіз еңбек етіп, қаламыздың оқу ұйымдарына бағыт бағдар мен қолдау көрсетіп отырған Көкшетау қаласы білім бөліміне алғыс айтамыз! Осындай үлкен, ауқымды, еңбек жолында берері мол шараға қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін балабақша атынан рақмет айтамыз! Білім бөлімінің ұжымына келе жатқан жаңа жыл мол табыс пен үлкен жеңістер әкелсін! «Қуаныш» балабақшасы ұжымының атынан келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!