Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Жаңа жылда ,жаңа жыр»
Муз залына муз әуенімен кіреді балалар.Қолдарында жарықпен қосылған кішкентай шырша билейді шырша астына қояды. Шырша жағылады.
ӘН: «Шыршажыры» (Хоровод)
Күлше қыз ертегісінен үзінді.
Санта:Қайырлы күн.
Ханымдар мен мырзалар!
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Ойын сауық кешіне шақырамыз сіздерді.
Патшамыз солай бұйырды.( Саян)
(Санта хатты беріп өгей шешеге кетеді)
Өгей шеше: Рахмет ,өте қуаныштымын
Міндетті түрде барамыз
Күлше қыз киім дайында
Ойын сауық кешіне үшеуіміз барамыз.
Күлше қыз:Ооо менде де кешке барамын алақай.
1-сіңлісі:Күлдірмеші Патшамыз сені тосып отыр дейсің бе.
2-сіңлісі:Сендей кір қожалақты шақырған жоқ.
Өгей шешесі:Жүріңдер қыздарым уақыт жоқ ,дайындалайық ойын сауыққа баруға.
(Күлше қыз қалады олар залдан шығып кетеді)
Күлше қыз:Онда қандай көңілді
Шам шырақтар жағылған
Барлық қыздар билейді
Ханзадамен қызықтап
Өгей шешесі:Күлше қыз ,әй күлше қыз .Неге саған бармасқа .Бірақ сен барғанша үйдің жұмысын бітір.Үй жина,тамақ пісір,кір жуу.Үлгерсең барарсың.
Күлше қыз:Ортаға шығып жылайды.Бұл жұмыстарды қашан бітіремін,үлгермейтін шығармын.
Фея:Жылама күлше қыз сенде барғың келеме .Мен саған көмектесемін.менің сыйқырлы таяғым арқылы .(Күлше қыз әдемі көйлекпен шығады)
Фея:Тыңда қызым бері қара
Айтар сөзім бар саған
Сағат тілі он екіні соққанда
Сиқыр күші жоғалар!
Күлше қыз:Рахмет сізге ,бәрінде түсіндім. Балға күлше қыз келеді.
Ханзада:Келгеніңе қуанып
Көтерілді көңілім
Бейтаныс қыз қолыңды бер
Кел билейік танысып. (Екеуі билейді)
Қысқы вальс :(Барлығы билейді)
(Сағат соғады 12-де)
Күлше қыз естіп қашады,сол кезде аяғынан туфлиі түсіп қалады.
Ханзада туфлиді алып соңынан жүгіреді.
Дауыс:Тыңдаңыздар ,тыңдаңыздар! Ханзаданың бұйрығымен кімге туфли аяғына сияды сол қыз ханзадамен мәңгілік дос болады.
Өгей шешесі шығады қыздарымен.Аяқтарына туфлиді киіп көруге.
Ханзадамен бірге санта туфлиді ұстап шығады. Бәріне кигізіп көреді санта.
Ханзада: тағы қыздарыңыз жоқпа?
Өгей шешесі:Бар Күлше қыз,әй күлше қыз келші мында.Күлше қыз шығып аяғына киіп көреді .Аяғына сыяды.
Ханзада күлше қыздың қолынан ұстап сүйеді. Осылай екеуі дос болып қалыпты. Баршамызды Жаңа жыл тойын тойлауға шақырамыз.
Аяз ата мен Ақшақар кіреді:
Аяз Ата: Құттықтау сөзі.
Ақшақар :Құттықтау сөзі.
ӘН: «Кел жаңа жыл»
Тақпақтар:(Әмір,Мансұр,Меруерт,Хадия,Санжар,Алина,Али,Айлин,Рашид,Жасмина,Аяжан,Азамат,М Амир,К Амир,Адэль,Алим)
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Бірінші баласанау арқылы отыра сонша қар жинау.Екінші бала қарды жинайды.
Би:«Ақшақарлар» (қыздар биі)
Ән: «Ақшақар»
Ойын :«Қаршық жасау» (2-командаға бөлінеді)
Шарты: Балалар жасанды қардан қар жасап отыра бір біріне беру арқылы тасымалдау.
Би: «Санталар» (ұлдар)
Жүргізуші:Енді кезек ата аналарға береміз. Ата аналарымызда құттықтау өнерлерін ортаға салайық.Тамашалаңыздар.
Ойын:Ата аналармен стакандарды жіппен тартта отырып өзіне сый сияпат алады.
Ән:«Жаңа жыл»
Флешмоб барлығы билейді.
Аяз ата : Ал балалар өнерлерің тамаша екен жақсы ән айтыңдар ,тақпақ айтыңдар,би биледіңдер енді сыйлық алатын уақыт келді.Ал ата аналар ақшаларын банкоматтан алатын болса,балалар бүгін сыйлықты сыйлықкомадттан алатын болады. Қане балалар сендер цифрларды білесіңдер .Олай болса өздерің цифрды таңдап басу арқылы келіп сыйлығыңды алып кет.
Жүргізуші:Ал құрметті ата налар қонақтар келе жатқан мерекеміз баршамызға құтты болсын. Әр отбасына денсаулық,табыс, жақсылық тілейміз. Жаңа жыл құтты болсын.