Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: «Жоба –шығармашылық, шеберлік, ынтымақтастық»
Педагогикалық кеңестің тақырыбы өзекті, өйткені бөбекжайдың білім беру қызметінің жылдық міндеттерінің бірі «Жобалық іс-әрекет әдісін енгізу арқылы білім беру процесінің сапасын арттыру»
Педкеңес "Педагогикалық КВН" турінде өткізілді. Педагогикалық кеңес тақырыбы бойынша тапсырмалар берілді: «Өзін таныстыру», «Сен маған, Мен саған», «Үй тапсырмасы».
Ертегіні «Үй тапсырмасын» импровизациялай отырып, қатысушылар актерлік қабілеттерін көрсетті және тапсырманы әзілмен және жауапкершілікпен тамаша орындады. «Саржайлау» және «Ақ орда» командалар «Ертөстік» және «Алтын сақа» ертегілерді қойды.
Өздерінің керемет көркемдік қабілеттерін, достық білімдерін, командада жұмыс істей білуін көрсетті. Әділқазылардың қорытындылау барлығын қуантты. Әрине, педагогтардың достығы, ұйымшылдық пен тапқырлық жеңді! Іс-шара өте танымдық және эмоционалды болды.
Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасу және әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін өте қажет.
Педагогикалық кеңес аясында педагогтарға «Табысты білім беру ұйымдарының акселераторы» біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтағаны үшін «ULTTYQ USTAZ» сертификаттары және «Білім беру бағдарламасының стратегиясы әзірлеу» сертификаттары табысталды.