Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Менің өлкем»
интеллектуалды ойын
Өткізген:
№5 «Қарлығаш» мектепалды
тобының тәрбиешісі
Серикбаева.А.Ж
Күні: 21.02.2024ж
Тақырыбы: «Менің өлкем» интеллектуалды ойын
Мақсаты:Интеллектуалды ойын арқылы балалардың ой-өрістерін кеңейту. Туған өлке туралы түсінік беру, әңгімелеп айтуға үйрету. Туған өлкелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жерінің байлығын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тачпанель, көрнекілік, планшет
Жоспар
1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі
2. Әділқазылар алқасын сайлау
3. Интеллектуалды ойын
4.Қорытынды, марапаттау
Ойынның барысы:
Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Салеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгінгі біздің «Менің өлкем» атты интеллектуалдық ойын сайысымызға қош келдіңіздер. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
Таныстыру 1. «Сандар сыры» кезеңі (тачпанель)
2. «Мақалды жалғастыр»
3. «Кім көп біледі?» (тачпанель)
4. «Ойлы болсаң, озып көр» (көрнекілікпен жұмыс)
5. «Ойлан,тап!» -Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. - Ойынымызды бастайық.
Таныстыру
Екі топтың сәлемдесуі.Таныстыру.
І топтын аты: «Көкшетау» тобы
ІІ топтын аты: «Бурабай» тобы
1. «Сандар сыры» кезеңі (тачпанель)
- Балалар тачпанельде «Барабан» айналдырады, қай сан түссе,сол сан бойынша ұяшықтарды таңдап, қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. 1. Біздің туып өскен жеріміз қалай аталады?
Балалар: Көкшетау
2. Көкшетау қаласының байлықтары.
Балалар: Алтын, балық , орман (ағаш) т.б
3. Біздің балабақшада қандай мамандық иелері жұмыс істейді?
Балалар: Тәрбиешілер, аспазшы, дәрігер, логопед, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы.
4. Бурабайдың табиғаты қандай?
Балалар: Бурабай табиғатымен, таза ауасы, мөлдір көлдерімен, жұмбақ тау шыңдары және мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандарымен кез-келген адамды баурап алады.
5. Көкшетау қаласындағы көл қалай аталады?
Балалар: Қопа
6. Бурабайдың көлі қандай? Балалар: Таза, мөлдір, терең
7. Сен Көкшетау қаласындағы қандай балабақшаға барасың?
Балалар: «Қуаныш» бөбекжайы
8. Көкшетау қандай қала?
Балалар: Әсем, әдемі, табиғаты таза, көрікті қала
9. Көкшетаудағы ойын сауық орталығы қалай аталады?
Балалар: РИО,ОГО-ГО,САЛЬТО
10. Көкшетауда қандай демалыс орындары бар?
Балалар: Саябақ, кинотеатр, қазақ драма театр, мейрамханалар бар.
2. «Мақалды жалғастыр» кезеңі - Мен бастаймын, балалар мақал-мәтелдердерді жалғастыру керек 1. Отан - елдің анасы, …………… ( ел - ердің анасы.)
2. Туған жердей жер болмас, …….. ( туған елдей ел болмас.)
3. Отанды сүю - ………………….( отбасынан басталады.)
4. Отан ………… (оттан да ыстық.)
5. Туған жердің қадірін, ……………(шетте жүрсең білерсің.)
6. Туған жердің күні де ыстық, …….(түні де ыстық.)
7. Отан үшін отқа түс, ………………(күймейсін)
8. Туған жер –тұғырың,…………… (Туған ел –қыдырың.)
9. Аққу көлін аңсайды,……………..(адам туған жерін аңсайды)
10. Туған жер-……..(алтын бесік)
11. Отан үшін күрес……… (Елге тиген үлес.)
12. Өз елім — …………… (өлең төсегім.)
13. Отансыз адам - ……… (Ормансыз бұлбұл.)
14. Отанын сүйген отқа жанбайды,……….. (Суға батпайды.)
3. «Кім көп біледі?» кезеңі (тачпанель) Балалар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын таңдаулары тиіс.
1. Көкшетау сөзі неше буыннан құралады?
2) Көкшетау қаласының ұлттық саябағы?
3) Бурабайда қандай ағаштың түрі өседі?
4) Көкшетаудың сұлу табиғатын жырлаған ақын кім?
5) Көкшетаудағы демалыс орындарының бірі
6) Көкшетау әуежайы
4. «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі (суреттер арқылы тапсырмаларды орындап, әңгімелеп беру)
Көкшетау тобы:
Қала ескерткіштері
1.Абылай хан ескеркіші - ол үш жүздің басын қосқан хан. 2.Біржан Сал, Ақан Сері ескерткіштері – олар ақын,әнші 3.Мәлік Ғабдуллин ескерткіші - ол Ұлы Отан соғысының ардагері Қала сәулеті 1. Бұл Көкшетау қаласының орталық мешіті.Мешітке барлық адамдар жұма күні барып дұға тілейді.Маған бұл мешіт ұнайды.
2. Бұл біздің Үкілі Ыбырай филармониясы.Онда үлкен концерттер болады.Қазақтың ұлттық аспаптарымен ойнайды. 3. Бұл біздің қазақ драма театры. Театрда көңілді қойылымдарды қояды. Біз отбасымызбен демалыста театрға барамыз. 4. Достық Үйі - ол өте әдемі. Достық пен келісімнің іргетасы
Бурабай тобы
Көкшетау кереметтері
1. Бурабай - Көкшетау қаласының демалыс орны. Біз жазда Бурабайға көлге шомылуға барамыз.
2. Бурабайда Оқжетпес,Жұмбақтас бар, Оқжетпес ол өтееее биік.
3. Жұмбақтас өте әдемі.
4. Бұл Ұлттық саябақ. Демалыстарда біз Ұлтық саябаққа қыдыруға барамыз.
Қала өнімдері
1. Гормозавод- онда балмұздақ, май бар. Балмұздақтың дәмі өте тәтті.Мен базмұздақ жегенді жақсы көремін.
2. Көкше құс- мында тауық еті және жұмыртқа бар. Менің анам бұл жерден тауық еті мен жұмыртқа алады.
3. Бижан- мұнда ет, шұжық өндіреді.Шұжықтың дәмі өте керкемет.Біз етті осыдан аламыз.
4. Садовое - онда сүт, айран, йогурт өндіреді. Олар өте тәтті.
Біздің қалада осындай өнімдер бар.
5. «Ойлан,тап!» кезеңі (тачпанель) Көрсетілген суреттер бойынша балалар қандай сөз екенің табу керек
1. Жұмбақтас
2.Көкшетау теміржолы
3.Көкшетау кинотеатры
4.Бурабай көлі
5.Көкшетау тауы
6. Планшетпен жұмыс: Көкшетау, Бурабай суреттерін - пазл құрастыру.
Тақпақ. Сезім: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ернияз:
Бурабай – туған елдің тілегіндей,
Бурабай – туған жердің тірегіндей.
Бурабай – сән береді, нәр береді,
Елімнің соғып тұрған жүрегіндей!
Бурабай – Көкшетаудың қанатындай,
Құлшынтып ел үмітін жағатындай;
Арманшыл ұрпағымен бірге жасап,
Мирас боп мәңгілікке ол қалатындай!
Қорытынды: - Бүгінгі интеллектуалды ойынымыздың уақыты да таяп қалған сияқты. Осы топ мүшелері ішінен қай топ «Менің өлкем» атағын жеңіп алғанын анықтау үшін, әділқазылар алқасына сөз берейік.
1.Ойынның қорытындысы
2.Мадақтау