АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ертегі желісіндегі тапсырмалар", «Ертөстік» (Сахналау). Өткізген тәрбиешілер: Зкрина У. Е. Серикова А. Ж.

21.02.2024

 

«Ертегі желісіндегі тапсырмалар»   

«Ертөстік»

(Сахналау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ертегі желісіндегі тапсырмалар»

Мақсаты: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

сөздік қорларын байыту;

ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу.

Кіріктірілген іс-әрекет:  «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет»,  «Шығармашылық», «Математика».

Кйіпкерлер: Автор-тәрбиеші, Ерназар ата-Төрехан, анасы-Айзере, Ертөстік- (Астемір)Таймас, ағалары- Айбарыс, Рамазан, Айсұлтан, Нурали, Рахим, Мади. Таусоғар-Көзайым, Көлтаусар- Даяна, Желаяқ-Малика Саққұлақ-Жамиля, Мыстан-тәрбиеші

Автор: Ерте заманда Ерназар деген  бай болыпты.  Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты.  Алты ұлдары болыпты.

Бір кұні Ерназардың алты ұлдары келіп әкелеріне былай дейді.

Ағалары: Әке біз қалаға барып , өз бакытымызды тапқымыз келеді

Ерназар ата: Жарайды, ол үшін менімен ойын ойнайық

Ағалары: Жақсы келісеміз.

Ойын:  «Сандар арқылы кейіпкерлерді тауып ата»

Шарты: Дөңгелек шеңберді айналдырып, қай сан кімге келсе, тақтадағы сол санды ашып ертегі кейіпкерін атап беру.

Ерназар ата: Жарайсыңдар, бірақ сендерге бір тілегім бар. Сендер маған бір үйдің қыздарын келін қылып алып келесіңдер, келіссеңдер сендерді қалаға жіберемін,

Ағалары: Біз бір үйден алты қызды  қайдан табамыз.

Ерназар ата: Онда үйде қалыңдар

Ағалары: Жоқ келісеміз.

Ерназар ата: Ендеше жолдарың болсын!

Автор: Сөйтіп алты ағайындар қалаға жол жүріп кетеді. Анасы мен Әкесі үйінде қалыпты. Ерназардың алты ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді. Бір күні дүниеге тағы да бір сәби келеді, оның атын төстік жеген соң  Ерөсттік деп қояды. Ертөстік жылдар емес, айлар емес, күндер емес сағат сайын өсіп ер жетеді.

Төстік бұрын ағалары бар екенін естіген жоқ екен. Әке-шешесі Төстікке оны айтпайды екен. Төстік жүгірген бетімен үйіне келеді. Төстіктің ашулы түрін көріп анасы:

 Анасы:  Саған не болды? Кімнен қаштың?  .

 Ертөстік: Ағаларым қайда? Неге келмейді? Іздеп тауып әкелемін! 

Ерназар ата: Ағаларың қалаға кеткен тауып алып кел балам.

Анасы: Тезірек алып кел балам.

Автор: Жолда Ертөстікке Таусоғар, Көлтаусар, Желаяк, Саққұлақ кездеседі.

Ертөстік: Сендер кімсіңдер?  

Таусоғар: Мен таусоғармын тауды көтеремін

Көлтаусар: Мен көлтаусармын, көлді тауысып жол ашамын.

Желаяқ: Мен желаяқпын баратын жеріңе тез жеткіземін.

Саққұлақ: Мен саққұлақ бәрін естимін.

Ертөстік: Ендеше дос болайық

Бәрі: Ал сен қайда барасың

Ертөстік: Мен ағаларымды ізеп жүрмін

Саққұлақ: Мен білемін оларды мыстан кемпір ұстап отыр, біз саған көмектесеміз.

Ертөстік: Ендеше тез барайық.

(Мыстан ағаларын ертіп ортаға шығады)

Автор: Ертөстік достарымен мыстанға келеді

Бәрі: Ағаларын қайтар.

Мыстан: Иә, сен Ертөстік батырсың, ал сен Таусоғар мыктысың, ал  көлтаусар сусыз калдырарсын, желаяқ сен бәрібір жеткізбейсің, ал саққұлақ бәрін естіп қоясың. Ммм  Онда менің шартым бар. Мынау тұрған тапсырмаларды орындасаңдар ағаларыңды қайтарамын.

Бәрі: Жақсы келістік

Тапсырмалар: «Ертегі кейіпкерлерін құрастыр»(пейзаж)

Автор: Ертөстік ағаларын тауып үйіне алып келеді. Әкесі мен анасы қуанып Ертөстікке риза болады. Сөйтіп ағайындар бір үйдің жеті қызына үйленіп бақытты өмір сүріпті. (Музыка арқылы ұл қыз болып ортаға шығады)

Төрехан: Ерназар ата Бата беру

Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
 

 

 

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст