Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Бабамыздан қалған қол өнер»
Шебер сынып
Мақсаты:
Қазақ халқының қол өнерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Келешек ұрпаққа танныстырып қызығушылықтарын дамыту. Балаларға ұлттық дәстүрді, ұлттық құндылықты сақтауға, құрметтеп бағалауға, ұллтық тәрбиені бойларына сіңіру. Қол өнер түрлері туралы мәлімет беру, дүниетанымын байыту, қол өнерге деген құштарлығын арттыру, қолөнерді қадірлеп, қастерлей білуге, әсемдікті тани білуге, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке балаларды тәрбиелеу. Көрнекілігі: Фетр , түрлі-түсті жүндер (валяни) , тоқыма жіптер, қайшы, сабынды су. Текемет жасауға арналған заттар.
1-ші ұяшық Қандай Ұлттық қолөнер түрлерін білесіңдер?
сұрағы: қолөнер бұйымдарын ата.
Жауабы: Құрақ құрау, тоқыма тоқу, ою-өрнек ою, кесте тігу, бисермен кестелеу, бисермен тоқу және т.б.
Ұлттық қолөнер бұйымдары: текемет, құрақ көрпе, тұскиіз, сырмақ, алаша және т.б.
2-ші ұяшық Кесте қандай жіппен тігіледі? Кесте тігуде кең сұрағы: тараған тігіс түрі.
Жауабы: Кесте мулине жіппен тігіледі. Кең тараған айқас тігіс.
3-ші ұяшық Бисер дегеніміз не? Кестелеуге қолданылатын
сұрағы: түрлері.
Жауабы: Бисер ортасында тегісі бар ұсақ моншақ. Стеклярус – ұзын түтікше. Рубка – қысқа түтікше.
4-ші ұяшық Ою-өрнек мән-мақсатына қарай қанша топқа
сұрағы: бөлінеді? Топтарды ата.
Жауабы: Ою-өрнектер 4 топқа бөлінеді:
5-ші ұяшық Ою ұғымы мен өрнек түсінің мәні.
сұрағы:
Жауабы: Арқар мүйіз — жағымсыздықтан қорғайды.
Ит құйрық – жас сәбиге көз тимеу үшін салынады.
Қаз мойын – сұлулық пен сәндік белгісі.
Түйе табан – бақыт, махаббат белгісі.
Бұғы мүйіз – байлық пен күштің белгісі.
Құс қанаты – жастарға арналған белгі.
Тұйық ою – достық, бақыт, мәңгілік белгісі.
Көк түс – аспан.
Ақ түс – қуаныш, бақыт.
Сары түс – білім, даналық.
Қызыл түс – күн.
Жасыл түс – жастық, көктем.
Қара түс – жер, береке.
ІІ. «Ғылым» орталығы. Ғылыми термин атауын табу. Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.
1 тапсырма Ою-өрнекпен әсемдеу, әшекейлеу деген халықаралық термин.
Орнамент.
2 тапсырма Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру.
Композиция.
3 тапсырма Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуы.
Симметрия.
4 тапсырма Ою-өрнек бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, үйлесіп жарасым табуы.
Колорит.
5 тапсырма Ою-өрнекті бір элементтің қайталанып отыруы.Ритм.
ІІІ. «Маржан сөз» орталығы. Мақал-мәтелдің жалғасын табу. 10 ұпаймен
бағаланады.
1-ші мақал Өнерлі баланың он саусағы тең,
жалғасы: Өнерсіз баланың бір саусағы кем.
2-ші мақал Қыз еркем, кестесімен көркем,
жалғасы: Ұл еркем, өнерімен көркем.
3-ші мақал Алтын балдақ – қол сәні,
жалғасы: Әшекей кесте – тон сәні.
4-ші мақал Ата көрген оқ жонар,
жалғасы: Ана көрген тон пішер.
5-ші мақал Өнерлі бала елдің көркі,
жалғасы: Үкілі қамыс көлдің көркі.
IV. «Шебер қолдар» орталығы. «Інжу маржан» атты балалар шығармашылық
байқауына дайындап келген қолөнер бұйымдарын көрсету.
V. Сайысты қорытындылау.