АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық құндылықтарға негізделген бөбекжай», мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды және ересек топтары тәрбиешілерінің қалалық семинары

21.02.2024

«Ұлттық құндылықтарға негізделген бөбекжай»

21 ақпан 2024 жылы Көкшетау қаласы «Қуаныш» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымының мектепалды және ересек топ тәрбиешілерінің «Ұлттық құндылықтарға негізделген бөбекжай» тақырыбындағы қалалық семинары қалалық білім бөлімінің әдіскері Р.К.Акаеваның қатысуымен  өтті. "Біртұтас тәрбие бағдарламасына" негізделген оқу-тәрбие жұмысы ұлттық құндылықтарды бала бойына қалыптастырып, жүзеге асыру болып табылады.   

     Семинардың басталуы бүлдіршіндердің  музыкалық ән-шашуы және психологиялық тренингтен басталып, ұйымдастырылған іс-әрекетпен жалғасты.

№10 «Ботақан» мектепалды тобының тәрбиешісі С.М.Габдуллина, дене шынықтыру нұсқаушысы Б.С.Касенова «Асық-алтын қазынам»,                                     №7 «Аққу» ересек тобының тәрбиешілері У.Е.Зкрина, А.Ж.Серикова «Ертегі желісіндегі тапсырмалар»,                                                                                                           №5 «Қарлығаш» мектепалды топ тәрбиешісі А.Ж.Серикбаева «Менің өлкем»  интеллектуалды ойын өткізді.

№4 «Гүлдер» кіші тобының тәрбиешісі З.М.Омирсерикова  «Бабамыздан қалған қол өнер» шебер-сыныбында өз тәжірибесімен бөлісті.

«Қуаныш» бөбекжайдың  негізгі мақсаты: болашақ ұрпақты өмірге дайындау, білімге баулу, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Семинарға қатысушы тәрбиешілер мен педагогтар Ұлттық құндылықтарды дамыту мәселесі бойынша пікір алмасып, өз ойларын жеткізді, өздеріне қажетті тәжірибелер жинақтағанын айтып, алғыстарын білдірді.

 

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст