Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Бөбекжай және педагогикалық колледж: ынтымақтастық жолдары.
Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен "Қуаныш"бөбекжайында "М.Монтессори дидактикалық материалдарын мектепке дейінгі ұйымда қолданудың тиімділігі тақырыбында семинар -практикум өтті. Мақсаты:"Қоңыр баспалдақ", "Қызғылт мұнара"', "Қызыл зілтемір" дидактикалық материалдарын кіші жас тобынан бастап, тиімді қолдану, бастапқы математикалық түсініктерді және көріп қабылдауды дамыту арқылы негізгі сенсорлық базаны қалыптастыру.
Әдіскер Амирова Сағира Абзалқызы педагогтармен қатар, мектепалды топтарының балаларымен жоғарыда аталған дидактикалық материалдарды қолданып жұмыс жасады. Балалар ұсынылған материалдарға қызығушылықпен қарап,белсенді орындап шықты. М.Монтессоридың педагогикалық жүйесі жан-жақты дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, болашаққа сенімділігі мол, белсенді ұрпақ тәрбиелеуде алатын орны ерекше әрі жақсы бастама екеніне көз жеткіздік.
Болашақта бөбекжай мен педагогикалық колледж арасындағы ынтымақтастықпен бірлесіп,жоспарлы істер жалғасын таппақ.