Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Көп жаса анашым!»
№3 «Бүлдіршін» кіші тобы
Тақырыбы: «Көп жаса анашым!»
Музыка әуенімен балалар залға кіреді. (Ақ мамам әнімен)
Жүргізуші:Бізді өсірген аналар
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең.
Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер,кішкентай бүлдіршін қыздар ,сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,бақыт,ашық аспан тілейміз.Бүгінгі «Көп жаса анашым!» атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Ән: «Көп жаса анашым!»
Жүргізуші:Балалар қазір қандай мезгіл? Көктем мезгілі
Тыңдаңдаршы ,көңілге жылы, жанға жайлы бір әуен естілетін сияқты, бізге біреу келе жатқан сияқты.
Осы кезде көктем билеп келеді.
Көктем: Сәлеметсіңдерме балалар! Сендерде мереке болып жатқанын естіп келдім.Мерекелерің құтты болсын!
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін
Гүл боп қырда егілем
Дән боп жерге себілем
Жаңбыр боп жауам да
Нұр боп көктен төгілем.
Жүргізуші:Қош келдің көктем. Біздің мерекеміздің қонағы болыңыз.Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.Қане балалар көктемге арнап ән айтып берейік.
Ойын: «Гүлдерді жинау»
Жүргізуші:
Көбелек - ау, көбелек
Әдемісің гүлдейсің
Ұстап сені не керек
Ойнамайсың күлмейсің. –дей отыра, қыздарымыздың «Көбелек» биін қарсы алыңыздар!
Тақпақтарға кезек берейік.
Айша :
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Алинур:
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Алима:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Мансұр:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аяулым:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Томирис:
Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекен!
Сафия:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Али:
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім
Ангелина:
Аялаған анашым
Мәпелеген анашым
Менің саған тілерім
Қартаймашы анашым
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық.
Ән: «Жаңбыр»
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Жүргізуші: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Біздің балаларымыздың орындауында «Топ-топ балақан!» биін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Менің әжем бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем- дей отыра, біздің балаларымыздың орындауында «Әже» әнін қарсы алыңыздар !
Көктем: Ерте, ерте, ертеде орманда көжек анасымен өмір сүріпті.Көжек анасын өте жақсы көреді екен.Бір күні көжек серуендеуге шығыпты.
Көжек: Сәлеметсіңбе күн! Сәлеметсіңбе жер!
Мұнда қандай мереке болып жатыр?
Қонжық: Сәлем көжек
Көжек :Салем.Сенің қолыңда не?
Қонжық: Менің қолымда бал.Балды анама сыйлыққа берем.
Көжек:Бүгін сенің анаңның туған күні ме?
Қонжық: Сен білмейсің бе?Бүгін аналар мерекесі.Сол үшін балды анама сыйлаймын.(қонжық жүгіріп кетеді, аналар арналған сыйлықтар алып келеді)
Жүргізуші:Көз ілмей түн қатқан
Жаным деп үн қатқан
Аялап баласын
Мәпелеп өсірген
Мың алғыс анашым! дей отырып ,бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз!Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар!