АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шуағын шашқан аяулы алақан! атты 8 наурызға орай ертеңгілік. Дайындаған педагогтар: Ахметжанова М.Ж., Каиргельдиева А.Б.

20.03.2024

Шуағын шашқан аяулы алақан!

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Балалар  музыка  әуенімен қолдарына жүрекше ұстап кіреді.

Ән «Көктем келді»

(әннен соң балалар орындарына отырады, 2 бала қалады).

1бала: Аналар мен әжелер бүгін қандай әдемі.Сендерге арнап бүгін мереке дайындадық.

2 бала: Ой біз ең бастысын ұмыттық! Біз гүл алмадық!

1 бала: Оларды қайдан алуға болады? Барлық жерде қар,тайғақ,мұз. Байшешек те, раушандар да жоқ.

Жүргізуші: Күте тұрыңдар , мұңаймаңдар, алыста гүл көп өсетін бір арал бар. Бәріміз сонда барайық. Тек оған жету үшін ұшақпен ұшып барамыз.

Хабарландыру: Ал құрметті қонақтар, біз сіздерді «Қуаныш» бөбекжайы-«Шуақ шашқан аяулы алақан» рейсін орындайтын лайнеріміздің бортында қарсы алуға қуаныштымыз. Ұшу уақыты 50 минут.Ұялы телефондарыңыздың дыбысын өшіріп, жайғасып отыруларыңызды сұраймыз.Біз ұшамыз.Біз қазір аналар мен әжелерімізді құттықтау үшін гүл жинауға ұшамыз.

(Ұшақтың дыбысы)

Жүргізуші:  Қазір біз бір қызық аралдың үстінен ұшып бара жатырмыз.Мүмкін бұл жерде гүлдер бар шығар. Осында тоқтап көрейік.

1.Қараңдаршы бұл  Әжелеріміздің аралы.(Слайд)

Тақпақтар Әже

Ән: Әже дара

Би «Буги-буги»

Ойын:Әже

Оркестр

Жүргізуші: Әжелер аралында керемет уақыт өткіздік.Бірақ гүлді іздеуіміз керек. Саяхатымызды жалғастырайық.Орындарымызға отырайық.

(Ұшақтың дыбысы)

Жүргізуші:  Мен үлкен көлдің, құстардың дыбысын естіп тұрмын.Мүмкін бұл аралда гүлдер бар тоқтайық.

Қараңдаршы бұл Аналардың аралы. Қанадай кремет көрініс.

Тақпақтар Ана

Ән: Анажаным

                                                          Би «Ұлдар»

Ойын: Аналарға көмек

Би:  «Үкі»

 

(Көктем кіреді,амандасады)

Көктем: Сендер менің гүлдерімді алуға келдіңдер ме ?  Менің тапсырмаларымды орындамағанша, гүлдер өсетін жерді  көрсетпеймін. .

Тарпсырмасы: Жұмбақ

  1. Қандай ертегіде анасы қызын самсасы бар корзинаны әжесіне апаруға  жібереді. (Қызыл телпек)
  2. Қандай ертегіде анасы балаларына сүтке кетіп, есікті ашулары үшін ән айтып береді. (Жеті лақ ертегісі)
  3. Қандай ертегіде аю ана қатты дауыспен « Менің ботқамды кім жеді?) деп ашуланды. «Үш аю»

Көктем: Керемет қандай ақылды балаларсыңдар, енді маған ән айтып берсеңдер, гүлдеріңді алуға рұқсат беремін.

                                          Ойын:Дауысынан таны

Би: Көңілді би

Ән: Попури

Жүргізіші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!дей келе , Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.  Балалардың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
 

 

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст