Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Қош келдің,Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!
Барысы:Ұлдар ұлттық киімдерімен залға кіріп келеді келеді.(қолдарында ұлттық аспаптар болады)
Қыздар безендірілген залға билеп кіреді.
Балалар орындарына отырады.
1.Әже кіріп келеді екі немересін қасына ертіп.
Наурыз құтты болсын,осы мейрам әр шаңыраққа бақыт,табыс,қуаныш әкелсін!(Әже шашу шашады қасындағы екі немересімен бірге)
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар,балалар!
Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің,Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз Әже немерелеріңіздің өнерлерін тамашалаңыз
Әже:Ия,тамашалайын
Ән:Наурыз (шарты шеңберге тұрып орындайды)
Тәрбиеші:Балалар,Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік!
1.Әмір:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
2.Томирис:
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық,бақыт тілеймін
3.Нурислам:
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Тәрбиеші:Ойын «Асық алу»
Ойынның шарты:Балалар ә топқа бөлініп,жерде тұрған обручтардың ішінен асықтарды жинап келесі тұрған балаға табыстайды.
Тәрбиеші:Қамажай биі қыздардың орындауында
Тәрбиеші:Ойын Арқан тарту
Ойынның шарты:Балалар екі жаққа бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Ортадағы арқанды қай топ сызықтан бұрын сүйреп өткізсе,сол топ жеңіске жетеді.
Тәрбиеші:Қара жорға биі ұлдардың орындауында
Тәрбиеші: Әже әні балалардың орындауында(ортада әже отырады оюлы құрақ көрпешілерімен,ұршықпен.Балалар әженің қасына жарты шеңберге отырып әндерін орындайды.)
Әже:Рахмет,немерелерім сендерге өте өнерлі ақылды екеңсіңдер.
Бата береді әже
Дастарханымыз тоқ болсын!
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма
Бай болсаң,тасыма!
Бақ-дәулет берсің жасыңа
Бірлік берсін басыңа
Береке берсін асыңа
Әумин
Аяқтау:«Қош келдің,Наурыз!» атты ертеңгілігі аяқталды.