Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы«Қош келдің – Әз наурыз !»
Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
«Жұлдыз » тобының , «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесі.
Жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші:Келесі кезекте «Бесікке салу» рәсімімен ата –аналарды ортаға шақырамыз.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамын алғашқы рет.
Қаз-қаз тұрып,қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.
Жүргізуші: - Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр.
Жүргізуші:
Келесі кезекте «Бесікке салу» рәсімімен ата –аналарды ортаға шақырамыз.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамын алғашқы рет.
Қаз-қаз тұрып,қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.
Би: «Қара жорға»Ұлдар би
Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Медина :
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .
Амира :
Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Дәмелі:
Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Хадиджа:
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Жүргізуші: «Тұсау кесу »рәсімі Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.Сәбиді қаз тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын салт-дәстүр. Ала жіппен кеседі, шөппен кеседі, тоқ ішекпен кеседі.
Ал олай болса, біз бүгін ортамызға,
Ақ жаулықты әжелерімізді «Тұсау кесу» рәсімін өткізеді. Бәріміз бірге тамашалайық. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған «Тұсаукесер» тойының батасын Өмірбек ағамызға жолдаймыз. Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(бата беріліп,шашу шашылып, дәм татуға шақырамыз)
ӘН :«Көктем »
Би: «Қамажай» қыздар биі
Жүргізуші:
-Көрпе құрастыру(Киіз үй). -Қазақтың ұлттық тағамдары(тұзды қамыр )
Ойын :«Асық ату »
Ойын :«Арқан тарту»
Ән :«Домбыра » (Нұрқан Өмірбек
Жүргізуші:
Наурыз тойы, қасиетті халық тойы,
Сән құрған салтанатты сауық тойы.
Елімнің орындалған арман-ойы,
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын ағайын.
Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Біздің бала бақшамыздың Наурыз мерекесіне арнап жайған дастарханынан, наурыз көжеден дәм татыңыздар.Ал ағайын бәріміз бірге дастархан басына барайық!