Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Кіші топ «Бүлдіршін»
Тақырыбы: «Жыл басы –Наурыз!»
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру ,ой өрісін, тілін дамыту.Халқымыздың салтың әдет-ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
- 22 наурыз мерекесі жайлы мағлұмат беру.
- Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру.
- Балалардың ой өрісін танымын, еліне,жеріне деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту.
- Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: ұлттық бұйымдар, киіз үйлер, ұлттық ыдыс-аяқтар,домбыралар, қамшылар, арқан, асықтар.
Мереке барысы:
Балалар жартылай шенберге отырады
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсің,
Қөнілін үлкен- кіші көкке өрлесін
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өқпен кетсін- дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығың жаңалығың әкелсін! Ақ мол болсын ! Халық тоқ болсын ! Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз — қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі.
(Әже ортаға келеді. Әже шашу шашады) Шашу шашылады.
Балалар енді сендермен наурыз тойына дайындалған әнімізді айтайық.
Бесікке салу рәсімі
Ән: «Наурыз, Наурыз!
Тәрбиеші:
«Асықжинау» ойыны. 2-рет ойнату.
Ойынныңшарты: Асықтардыкімкөпжинайды, солжеңіскежетеді.
Би: «Қамажай»
Ойын: «Арқан тартыс»
Ойын: «Қыз қуу»
Қыдыр ата батасы:
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Дастарқаның кең болсын!
Уайым-қайғы жоқ болсын! Әумин!
Жүргізуші:
Әумин, айтқаныңызкелсін! Бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне таяп қалды. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын! Елімізде тек жақсы күндер көп болсын! Ұрпағымыз ата-баба дәстүрін ұлықтап өтсін! Баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастарқанға шақырамыз. Сау болыңыздар! Көріскенше күндеріңіз шуақты болсын! Келесі Наурызға уайым-қайғысыз, аман-сау жетейік