Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Кош келдің берекелі-Наурыз!»
Мақсаты: Балаларды Ұлыстын ұлы Наурыз мерекесі мен таныстыру, салт-дәстүрді көрсету, ұлттық ойындарды ұлттық құндылықты білуге тәрбиелеу бойларына дарыту, ұлтжанды болуға, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.Залда әсем әуен ойнап тұр. Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерге екі жаққа бөлініп отырады.
Тәрбиеші:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
О, жараңдар, жараңдар
Бермен қарай қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Ақ пердесі ашылды.
Шашу бізге шашылды. (қонақтарға шашу шашамыз)
Ортаға екі бала төс қағыстырып, аман-саулық сұрасады. Тәрбиеші: Ассалаумағалейкум! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Тәрбиеші: Уағалейкүм ассалям! Ұлыс оң болсын! Пәле-жала жерге еңсін! Тәрбиеші: Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Музыка ойнайды әже келеді) Әже кіреді.
Әже:
Наурызым, құт әкелсін елімізге,
Береке, ырыс кірсін жерімізге.
Жаңа жыл елімізді жарылқасын!
Қиналып әр отбасы тарықпасын,
Немерелерім, сендерді қуаныштан арытпасын. (Аминь әже айтқаныңыз келсін әже)
Музыка әуенімен Қыдыр ата кіреді.
Қыдыр атаның сөзі:
Ассалаумағалейкум ! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын Наурыз тойы құтты болсын! Тәрбиеші: Қыдыр ата Әже ендеш біздің ауылдың балаларының Наурыз мерекемізге Қош келдіңіздер! Торге шығыңыздар. Тәрбиеші: Балалар бізге қонақ келгенде осылай қонақтарды торге шақырып төрден орын береміз. Балалар бізге Наурыз мерекесі келді. Наурыз мерекесін біз бүгін сендердің аналарымен және әжелеріңізбен бірге тойлаймыз. Олай болса маған мына жерге 2-әже 2-ана келсін. Ең алдымен қай түсті асықты таңдайсыздар? (Жасыл және көк) Шарты: кім жылдам тез жауап береді. Кім көп көп асық жинайды сол жеңеді.
Жасыл қызыл асықтардың тапсырмалары:
1) Наурыз мерекесінде әзірленетін тағам қалай аталады? Осы тағамды даярлау үшін қосатын қоспаларын атаңыз. (су, ет, тұз, мейіз, құрт, күріш, тары)
Тәрбиеші: Балалар, біздің аналарымыз сұраққа дайындалғанша біз сіздермен ойын ойнайық арқан тарту
2) Қазақтың ұлттық баскиімдерін атаңыз ( тақия, тымақ, бөрік, малақай қалпақ, саукеле, кимешек, жаулық)
Тәрбиеші:Ойын Біздің аналарымыз дайындалғанша ойын ойнайық. Тақия тастамақ немесе күш сынасу
3) Қазақ халқының әшекей бұйымдарын атап шығыңыз. (жүзік, білезік, шашбау, шолпы, сырға, белдік, алқа, бойтұмар, қапсырма)
Тәрбиеші: Ойын әшекей киеміз. Тәрбиеші әшекейді атайды, қыздар сол затты өздеріне тағады.
4) Қандай салт дәстүрді білесіз?( шілдехана, бесікке салу, 40-нан шығару, түсау кесу, сүндет той, тілашар, үйлену тойы, келін шайы)
Ойын: Кім жылдам оюды кілемге жапсырады.
5) Ұлттық ойындарды атаңыз. (Асық, күрес, тенге алу, кокпар, атжарыс, қыз қуу, арқан тарту, күшсынамақ)
Ойын: арқан тарту
6) қазақтың ұлттық аспаптарын білесіз бе? (домбыра, шаңқоныс, қобыз, асатаяқ, жетіген) Ойын: ою құрастыру, бөліктерін табу. Тәрбиеші: аналардың жиналған асықтарын санайды жеңімпазда анықтап құттықтайды. Мінекей балалар осындай ойындарды Наурыз мерекесінде ойнайды, Наурыз көжесін азірлейді. Ұлкен аталар бата береді. Қыдыр ата келіп бата айтады. Осымен Наурыз мерекесіне арналған ойын шарамыз аяқталды.
Тәрбиеші:Наурыз ұлыстың ұлы күні құт береке әкелсін. Тәрбиеші: Ақ мол болсын, дендеріміз сау, бастарымыз аман болсын. Сау болыңыздар деп балаларға шашу шашіп дастарханға шақырады.