Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Наурыз- дәстүр мен жаңашылдық мейрамы»
Мақсаты: Балаларға 22 наурыз мерекесі тұралы мәлімет беру,салт дәстүрлерді дәріптеу,балаларды тапқырлыққа шешендікке тәрбиелеу.
Кіру. Әр топтан 5 баладан (түйемен,атпен, Әз-Наурыз деп жазылған плакатпен,қамшымен т.б)
(Балалар музыка залға кіреді,өз ауылдарына жайғасып отырады.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме , Құрметті қонақтар.
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп күліп түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Наурыз тек қана жақсылығын, жаңа жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, халық тоқ болсын! Наурыздың 21-22- не қараған түні күн менен түн теңеледі екен. Міне сол күні ағаш үйлер тігіліп, қой сойылып ошаққа қазан қойып,тәтті бауырсақ пісіріліп ұлан- асыр той жасаймыз.Адамдар бір-бірімен көрісіп,жаңа жыл құтты болсын деп бір-біріне ізгі жақсы тілектерін білдіреді.
Жүргізуші: Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Ауылдың алты ауызын дей келе ауылдарымызбен таныс болайық.
№5 «Қарлығаш» ауылы
№9 «Қуырмаш» ауылы
№10 «Ботақан» ауылы
Жүргізуші: Шашу шашқан жақсылыққа,
Құт- береке тілеген.
Қуанышты құт хабарды,
Сүйіншілеп жеткізген.
1. «Сүйінші сұрау» дәстүрі
(Баланың дауысын шығару)
Бала:Ата Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Дүниеге сәби келді.
(Ата сүйінші беру керек.)
3. Отбасы шығады.(қыз бала.)
Жүргізуші: «Шілдехана тойына» жиналып отырмыз
4. «Бас тырнау» дәстүрі (9 топ)
(Ата кәдесін береді)
Жүргізуші: Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ болады екен?
Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік. 5. «Балаға ат қою»
(Сенің атын Наурызбеке)
Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Алдарыңызда №9 «Қуырмаш» ауылының орындауында
«Алақай Наурыз» әні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз №9 «Қуырмаш» ауылындағы қыздардың «Үкі» биін тамашалаңыздар
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті ойынға берейік «Ұлттық ойын»
Жүргізуші: Наурыз келді жарқыраған, жайнаған,
Салтанатты сауық-сайран айналам.
Наурыз тойда, қыр мен ойда,
Қала, дала қызық думан қайнаған — деп, келесі кезекті баланы бесікке салу салт-дәстүріне береміз.
7. «Бесікке салу» (5 топ)
Жүргізуші: Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Алдарыңызда №5 «Қарлығаш» ауылының орындауында
«Наурыз» әнің қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Келесі кезекте №5 «Қарлығаш» ауылының Мың бұралған қыздарымыздың «Бипыл» билерін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз. Дей отыра баланы «Қырқынан шығару» салт-дәстүріне кезек берейік.
Жүргізуші:Алдарыңызда №10 «Ботақан » ауылынан
Тақпақ қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып, би билеп,
Әнмен күйді төгейік.
Алдарыңызда №10 «Ботақан » ауылының орындауында
«Наурыз келді» әнің қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!
Алдарыңызда №10 «Ботақан » ауылының қыздарын
«Асатаяқ» биімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.
«Тұсау кесу» рәсіміне кезек береейік.
(Әжелер отырады)
Жүргізуші: Ата-баба салт-дәстүрі,
Ұлтымыздың айнасы.
Келешекте ұмытылмас,
Дәстүрімнің жалғасы.
10. «Шолпы тағу» дәстүріне кезек берейік. (9 топ)
Жүргізуші:Алдарыңызда ауылдарымыздың атынан би қабыл алыңыздар.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата беру
Дастарханға шақыру
Жүргізуші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Кең болсын қазағымның керегесі,
кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын, НАУРЫЗ мерекесі!