АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз балалармен қалай сөйлесеміз?» ата-аналарға кеңес, логопед Тулегенова Бакыт Казахстановна

16.04.2024

«Біз балалармен қалай сөйлесеміз?» кеңес

Көп ата-аналар баланың тіл дамуына ерекше назар аударады, әсіресе басқа балалармен салыстырғанда. Баласының  түсініксіз сөйлеуі, аз сөйлеуі ата-ананы қорқытып, аландатады. Мұндай жағдайда баланың пассив сөздігімен, актив сөздігін салыстыру керек. Мүмкін бала сөйлемей, бәрін түсінеді, біледі, пассив сөздігі жасына сәйкес келеді. Кішкене өскесін, білгенін актив сөздікке айналдырады. Сондықтан, баланы бақылап, сөздік қорын тексеру керек.

         Баланың тілі дамысын десеңіз, баламен көбірек тілдік қатынасқа кіру қажет, не істегенізді толығымен айтып отыру керек. Бала ересек адамның айтқанын түсіну керек.  Баланың тіл дамуы тек қана сөйлемейтін балаға қажет емес, сөйлейтін балалармен де жұмыс істеу керек.

         Ең бірінші кезекте баланың сөздік қорын молайтып отырады, ол үшін бірнеше қлассификация бойынша суреттерді, ойыншықтарды, заттарды көрсетіп, атауларын үйретеді. Сосын фразалық сөйлеуді дамытады, қысқа сөйлемдер құрастырады.

         Ата-аналарға білу керек: баланың тіл дамуы тез болатын процесс емес, шыдамды, төзімді қажет етеді бұл жұмыс. Жұмысты бастаған кезде балаға күнделік ашқан дұрыс, онда білген сөздерден бастап, үйренген сөздерді жазып отыру керек, қандай сөйлем қашан айтқаны да жазылады.Бірнеше айдың жазуларын оқыған кезде, нәтижеге жеткенініз көрінеді.

         Барлық жұмысты тек қана педагогтарға жүктемей, көбін ата-ана жасау керек! Сәттілік тілеймін! Баланыздың тезірек жақсы, дұрыс, таза сөйлеуін көріңіз!

Логопед: Тулегенова Б.Қ.

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст