Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ұлтымыздың асық ойыны –тәлім-тәрбиенің көзі»
Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Асық жайлы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деген екен. Бұл сөздерде үлкен мән мағына жатыр.
Асықтың бала өміріндегі маңызы орасан зор. Асық ойындарын ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қабілеттері дамып, денсаулығы нығаяды. Асық ешбір зиянсыз табиғи зат болып табылады. Халқымызда «Асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны – өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігін жетілдіреді.
10.04.2024ж. №5 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі Ергалиева Куляй Бариевна «Асық технологиясы арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» жобанының жұмыстарымен бөлісті.