АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Этнопедагогика" басым бағыты бойынша жоба "Қазақша Сұлулық: ұлттық әшекейлер сәнге қайта оралды". Тәрбиеші: Есекеева Маржан Шарқанқызы

24.04.2024

Қазақша Сұлулық: ұлттық әшекейлер сәнге қайта оралды

Ежелгі заманнан бері қазақ халқы үшін Зергерлік бұйымдар ерекше өнер болып саналады. Ұлттық стильдегі зергерлік бұйымдар этникалық бірегейлікке ие. Сондай-ақ, олар әрқашан жаман көзден  қорғайтын амулет ретінде қолданылып келеді.

Бірнеше жыл бұрын қазақтың ұлттық әшекейлерін шеберлер жәрмеңке- лерінде немесе кәде-сый дүкендерінде кездестіруге болатын. Бүгінгі күні Қазақ ұлттық әшекейлер  брендке айналып отыр. Ұлттық зергерлік бұйымдар өткен мен болашақты байланыстыра отырып, жастар арасында өте танымал, ал соңғы жылдары олар қалыптасқан тренд болып табылады.

   «Қуаныш» бөбекжайында ағымдағы жылдың 27 наурыз күні  жоба қорғау  тақырыбында  педагогтармен отырыс өткізілді. Есекеева Маржан Шарқанқызы өзінің "Зергерлік ұлттық бұйымдар" жобасын таныстырып,өз тәжірибесімен  бөлісті.

Мақсаты - ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген қызығушылықты қалыптастыру және таныстыру, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау.

Қазақ халқының әшекейлерінің тарихын, дәстүрлерін және жасалу тәсілдері туралы презентация жасау арқылы түсіндірілді.

Презентациямен қатар көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұмыт болған салт-дәстүріміз қайта жаңғырып, ата-бабаларымыздан қалған мұра дәріптелді.

Әйелдердің кеудесіне арналған алқалар, сырғалар, білезіктер, сақиналар, күмістен және басқа металдардан жасалған әртүрлі бас киімдерден көрсетілді.

 

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст