Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Қазақтың дастарханы» ұлттық тағамдар
2024 жылғы 7 ақпанда «Қуаныш» бөбекжайында «Этнопедагогика» басым бағыты бойынша жобалар ұсынылды. №2 «Жұлдыз» ортаңғы тобының тәрбиешісі Хамзина Шинар Сериковна «Қазақтың дастарханы» ұлттық тағамдар туралы жобасын қорғады.
Ежелден қазақ халқының ең ерекше қасиеті – қонақжайлылық. Қадірлі қонақты құшақ жая қарсы алып, құрметті орынға отырғызып, үйдегі бар жақсылықты сыйлады.
Қонаққа ең алдымен қымыз, шұбат немесе айран, одан кейін сүт немесе қаймақ қосылған шай, бауырсақ, мейіз, ірімшік, құрт ұсынылды. Одан кейін жылқы етінен немесе қой етінен жасалған тағамдар – қазы, шұжық, жал, жая, сүр ет, қарта. Қазақ еті қашанда кез келген дастарханның сәні және қазақтардың ең сүйікті тағамы болып саналған.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұқыпты сақтау адамдардың бойында маңызды құндылықтарды: өз отбасына, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастырады. Бұл білімді келешек ұрпаққа жеткізу өте маңызды!
Тәрбиеленушілер күнделікті қазақтың құндылықтары туралы, ұлттық тағамдардың денсаулыққа қандай пайдасы бар екендігі біледі .