Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Қазақ ертегісі арқылы баланың тілін дамыту»
Мақсаты: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.
Өскелең ұрпақ тәрбиелеу - әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, тіл байлықтарының молаюына бөбекжай тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор.
Балалар нені жақсы көреді? Әрине, ойын және ертегі. Ойын – мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет. Ойындардың көмегімен балалар қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Оның көмегімен олар қоршаған әлемді біледі, ал мектеп жасына дейінгі балалар жақсы мен жаманды айыра білуге үйренеді. Ертегілердің арқасында балалар әлемді ақылымен, жүректерімен қабылдайды.
№7 «Аққу» ересек тобының тәрбиешілері Зкрина Умит Егінбаевна, Серикова Айзат Жақсылыковна «Қазақ ертегісі арқылы баланың тілін дамыту» жобаны ұсынды. Тәрбиешілер «Ертөстік» ертегісін мысалға ала отырып, балалармен көп жұмыс жасады.
Жобаны қорғау кезінде тәрбиешілер әріптестеріне ертегі туралы тапсырмалар ұсынды. Әртүрлі материалдар таңдалды, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен драматизациялау ойындары, бар тәжірибеге негізделген ойын жаттығулары қолданылды. Қызығушылықты сақтау үшін көптеген көрнекі материалдар пайдаланылды.