Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ұлтымыздың асық ойыны - тәлім-тәрбиенің көзі»
Мақсаты : патриоттық тәрбие беру, балаларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу, қазақ халқының ойындарына баулу.
Асық ойыны – логикалық ойлау қабілетін табиғи дамытудың, ұқыптылыққа, ептілікке спорттық дағдыларды қалыптастырудың, жеңіске ұмтылу дағдыларын тәрбиелеудің, ата-баба ойынына дағдыландырудың ең тиімді жолы. №10 «Ботақан» мектепалды тобының тәрбиешісі Даирова Сәния Мұратбекқызы ата-аналарды қызықтырып, бірлесіп балалармен жұмыс істеуге арналған көптеген дидактикалық материалдар жасады.
Ойынның әртүрлі түрлері бар. Асықату хоббиі қазірдің өзінде бүкіл әлемге танылған және оқу процесінде кеңінен қолданылатын Монтессори технологиясын еске түсіреді. Монтессори – асық ойнау арқылы ұсақ моториканы дамыту. Ұлттық ойын балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп, жылдам дамуына ықпал етеді. Қазір бұл әдісті басқа топтары да біртіндеп енгізе бастады.
Асықтар математикалық есептеулерді үйретуде, дене шынықтыру және сызу сабақтарында қолданылады. Топ ата-аналарымен бірге 400-ге жуық асық жинады.
№10 «Ботақан» Ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз!