Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ағымдағы жылдың 24 сәуір айында Қуаныш бөбекжайында «Мектепке жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыруда психологиялық терапияларды қолдану әдістері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Бөбекжайдың меңгерушісі Б. Н. Омарова және әдіскер Г. Б.Молдагалиева сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып, барша қонақтарға сәттілік тіледі. Педагог - психолог К. А.Орымбетова, логопед Б. К.Тулегенова, дене шынықтыру нұсқаушысы Б.С. Касенова, музыка жетекшісі А.А. Бейсембаева , тәрбиешілер Ү.Е. Зкрина, Ш.С. Хамзина балалармен бірге кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетсе, К.Б.Ергалиева «Асық технологиясы арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» Шебер - сыныбын көрсетті. «Мектепке жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыруда психологиялық терапияларды қолдану әдістеріне» видео шолу жасалды. Соңында, Қалалық қауымдастық жетекшісі Қ. Каудинова әріптестермен пікір алысу кезеңінде, семинарда нәтижелі түзету-дамыту жұмысының тәрбие жүйесінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданудың ықпалы мол, әрі нәтижесі бар екенін айта отырып, өз алғыстарын білдірді.