Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық»
2024 жылдың 19 сәуір күні №6 мектеп-лицейінде «Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-тәжірибесімен бөліскен № 6 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері. Семинардың мақсаты-оқытудың белсенді әдістерін қолдану мәселелерінде білім беру мекемесіндегі педагогтерінің құзыреттілік деңгейін арттыру.
Семинарға «Қуаныш», «Әсель», «Ю.Гагарин» атындағы балабақша тәрбиешілері шақырылды. Педагогтер алдымен мектепшілік экскурсия жасады, содан кейін ашық сабаққа қатысты, одан кейін шеберлік-сыныптан көптеген практикалық ақпарат алды.
Семинарға өз тәжірибесімен «Қуаныш» бөбекжайының мектепалды топтарының тәрбиешілері Каиргельдиева Альмира Болатовна, Серикбаева Айзат Жанатовна презентацияларын ұсынды.
Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін мектеп-лицейінің ұжымына алғыс білдіреміз.
Семинарға қатысушылар көптеген эмоциялар мен әсерлерге ие болды!