АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош бол, балабақшам": №9 "Қуырмаш" мектепалды тобы. Тәрбиешілер: Ахметжанова М.Ж, Каиргельдиева А.Б

14.06.2024

 Муз әуен балалар залға кіреді.

Би: Вальс

1-Жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойларына
Ортақ боп бүгінгі өскен ойларына.
Хош келіпсіз, ата-аналар,қонақтар.
Даярлықпен  қоштасу тойымызға.
Армысыздар ма  құрметті  ата-аналар,  ұстаздар   және     қонақтар!

Ән: «Бәрін білгім келеді» қабыл алыңыздар.

2-Жүргізуші:

Алдындындағы  балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып тамсанып

Қимай кетіп барады-дей отыра

Тақпақтарға кезек берейік

  1. Рания

Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті,міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!
 

  1. Саян

Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
 

  1. Адия А

Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
 

  1. Нұрхан

Сүйген өз қыз,өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай.
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қй.
Әнге салып би билеп,
Жалғастырсын ойды ой!
 

  1. Адэль

Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз,
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Мектепке енді барамыз,

 

 

  1. Али

Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Көңілді өскен баламыз
Шырқатып әнді саламыз
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
 

  1. Айым

Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз,
Мектеп енді шақырады,
Қош бол бала бақшамыз.

8.Амир М

Үлкендердей тап –таза,
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Мен қайырымды баламын.
Тек жақсылық ойламын.
Кішілерге қамқормын,
Біріншіге дайынмын.

  1.  
  2. ектепке мен барамын.
    Кілең бестік аламын.
    Ата – анамды қуантам,
    Үлкен азамат боламын.
    Өсті ақыл ойымыз,
    Өсті міне бойымыз,
    Қуанышқа ортақпын,
    Құтты болсын тойымыз!

 

  1.  

Бал татиды әніміз,
Мың бұралған биіміз,
Сіздерге бізден мың алғыс,
Сіздерден өнер алдық біз
Баулап, баптап өсірдіңіз,
Бұзықтық етсек кешірдіңіз,
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.

1 Жүргізуші: Айналайын балалар

Алдарыңда мектеп ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар 1-шіге

Бір белестен өттіңдер,

Өсті, міне бойларың

Өсті ақыл,ойларың,

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың! Балалар жыл бойы не үйрендік, мектепке дайынбыз ба соны тексеріп көрейік.

(Сауат ашу, Математика кітаптары алып шығару)

Дауыс Сауат ашу: Балалар сендер жыл бойы бізбен бірге болдындар, Мен сауат ашумын енді мен сендерді мектепке дайын екендеріңді қазір  тексеріп көремін.

1)«Кім зейінді?» тапсырма. 6 бала шығады, дөңгеленіп 6 әріп алдарында жатады, музыка әуенімен билеп қандай әріп түссе сол әріпті атайсыңдар да, қандай дыбыс  екенін айтасыңдар.

Мысалы: «а» дауысты созылып айтылады. Дауысты болса Қызыл үйшікке саласыңдар. Ал дауыссыз болса көк үйшікке саласыңдар.

2)«Әріптер әлемі»  тапсырма. Шаршы лақтыру арқылы, әріптерден сөз құрау. (Мектеп, кітап,оқушы,қалам)   сөзін балалар құрастырады)

3) «Жыл мезгілдері» тапсырма. Рет ретімен жыл мезгілдерін орналастыру. Қазіргі мезгілді бағытпен көрсету.

4) «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

1.Мектеп кеме, білім теңіз.

2.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнім жоқ.

3.Білім инемен құдық қазғандай.

4.Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы.

5.Мектеп- білім бесігі.

5) «Жер шары»  тапсырма . Жер шарын қоқыстан тазалау.Қорапшаға қоқыстарды салу.

2 Жүргізуші: Керемет. Сауат ашудың тапсырмаларын бәрін орындап бердіңдер.

1-Жүргізуші:  

Мерекеге сызылтып ән саламыз.

Ән айтып,би билеп жан саламыз

Бұл ұлы мерекеге ән саламыз

Бүкіл ел шапалақтап қарсы аламыз-дей отыра.

Бүлдіршіндеріміздің

Оқуда озат боламын әнін тыңдайық.

Тақпақ:

1.Санжар

Әріптерді үйрендік,
Оқу,жазу ды меңгердік.
Алғыс сізге ұстазым.
Бірінші сыныпқа жеттік.
Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз,
 Апайларымызға,
Айтамыз біз көп алғыс.

2.Алим

Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық,көп білдік,
Ел мен Отан жайында

 

 

3.Әмір

Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып, өсекте,
Бақшамызды қимаймыз
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Мына ойыншықты сыйлаймыз.
 

 

4.Меруерт.

Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол!

Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Алма апайға көп рахмет

 

5.Алина

Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Айтамыз біз мың алғыс

 

6.Амир К     

Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
 

7.Жасмина

Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз

 

8.Азамат

Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз

9.Б.Адия

Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

  1.  

Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз

Жүргізуші: Бізбен бірге болып, бірақ басқа бақшаға кетіп қалса да, бүгін қонаққа келіп отырған Жанайымды ортаға шақырайық.

11. Жанайым

Өстік алты жастамыз

Өнерпаз жас баламыз

Қош бол балабақшамыз

Біз мектепке барамыз.

Біз мектептен аялы

Оқып білім аламыз

Қош болыңыз аяулы

Тәрбиеші анамыз.

 

 

Жүргізуші:  Қош келіпсіз, құрметті апайлар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге  жүрген тәрбиешілерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән тәрбиешілерге арналады.
Ән: « Тәрбиеші апайға»

Жүргізуші: Ойынменен өседі,

Өнеріміз  санамыз . 

Кәне балалар ортаға шығып

Ұлдармен Оркестр ойнаймыз.

Жүргізуші: Көріп тұрып түлектерді қаншама,

Жақсы тілек білдірейін баршана

Өрендерім өлең айтып, би билеп,

Балаларды өнерлі,

Шақырамыз ортаға

Тамсандырып көп елді,        

Би билесін баршаға .

 Би: «Көңілді би»

Дауыс Математика: Ал балалар санайық

Қосып және алайық

Дұрыс санап көрейік

Математик болайық.Сәлеметсіздерме балалар, математикадан қаншалықты білімді екендеріңді көрейік. Бар.

  1. Тапсырма «Сандар» Тор көздің ішінде есептер шығару, тура кері санау.(Есеп)
  2. Тапсырма «Асықтар»  Обручтің ішіндегі сандарға сәйкес асықтарды санап салу.
  3. Тапсырма «Пішіндер» Геометриялық фигураларды секіре отыра, дұрыс орналастыру
  4. Тапсырма «Апта күндері» Гүлдің жапырақшалары арқылы апта

күндерін ретімен орналастыру.

  1. Тапсырма «Кеңістікте бағдарлау» Алға ,артқа,оң,сол бағыттарын атау орындық арқылы.

Жүргізуші: Алдындындағы  балалар

Мектепке кетіп барады

Ән айтып тамсанып

Қимай кетіп барады дей отыра

Ән: «Тілашар тойы»

Жүргізуші:

Жиналған қауым таң қалсын

 Ән бимен шашу шашылсын
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.

Би «Общий» қабыл алыңыздар.

Жүргізуші::Балалар енді сендер мектепке барып, оқушы атанғанда сендер қоңырау үнін жиі еститін боласыңдар. Қазір  сол қоңырау үнін естіп көріңдер. Бақшаны бітіріп отырған Әмір баламызға соқтыртамыз.

(Әмір қоңырау соғады)

Жүргізуші

 Даярлықпен қош айтысып қаламыз,
Енді біріншіге  барамыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Ойын: «Ата аналармен»

Сұрақ : 1. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? (3кг)

2. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?(Есім)

3. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе?(Өмір)

4. Қай айда 28 күн бар?( Барлық айда)

5. Король кімнің алдында тәжін шешеді? ( Шаштараздың)

6. Үйдің ең  суық жері? ( Сырты)

7. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? (Басы ең үлкен адам)

8. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық тұрғаны)

9. Теңіздің ортасында не бар? (Ң)

10. Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? (Үмті су болып шығады)

11. Ненің көлеңкесі жоқ? (Көлеңкенің)

Жүргізуші:

Мерекеге сызылтып ән салады.

Ән айтып би де билеп жан салады:

Бұл ұлы мерекеге,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Қыздарымыз бен ұлдарымыздың орындауында.

Ән Алина: «Қимай тұрмын»

Жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен тілектер айтылар.
Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

(Қызыл дорожканы алып шығу).

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін  Қуаныш бөбекжай меңгерушісі Бақытжамал Нығметовнаға беріледі. Ата-аналар комитетіне сөз беру.

Сөз сөйлеу, диплоп табыстау.

 

 

Би «Вальс»
Ойын шарты: Музыка ойналады. Балалар көбелек болып билеп жүреді. Музыка тоқтағанда жердегі гүлдерді басына ұстайды.Кім үлгермесе,Көбелек аулаушы ұстап алады.Ұсталған бала ойыннан шыға береді.Соңында бір бала қалады.Сол бала жеңіске жетеді.

 




 

Просмотров: 1006


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст