Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Қуаныш» бөбекжайы МҚКҚ
Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»
Тәрбиеші: А.К.Кабдуалиева
Кокшетау 2024 жыл
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Топ: №3 «Бүлдіршін» кіші тобы
Білім беру саласы: Таным.Комуникация .Шығармашылық
Білім беру саласының бөлімі: Сенсорика.Көркем әдебиет.Жапсыру.
Сабақтың мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. Сюжетті суретті бояту,саусақ моторикасын дамытуды бекіту.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік
Шаттық шеңбері.
Біз әдепті баламыз.
Айтқан тілді аламыз
Апайлармен ең алғаш,
Амандасып аламыз
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!
Бауырсақ келеді.(Қолында қапшық)
Тәрбиеші: Балалар, бұл кім? Бауырсақ қолында не бар?.(қапшық ертегі кейіпкерлері)
- Сандықта кітап пен ертегі кейіпкерлері жатыр екен, бұл ертегі қалай аталады? Балалар: Бауырсақ
Тәрбиеші: Балалар ендеше біздер осы ертегі әлеміне саяхатқа барайық. Бірақ бармас бұрын осы ертегінің кейіпкерлерін атайықшы.
Балалар: Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі, бауырсақ
Тәрбиеші:Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып: Шал: - Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. Кемпір - Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! Шал - Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. Тәрбиеші Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап
бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! Егер менің тапсырмамды орындасан жіберемін
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: Ендеше біз қоянға көмектесейік ол не жеиді ?сол жайлы айтып берейікші
Сәбіз.Түсі қандай ?Сарғылқызыл.көкеністерді атау,түстерін атату(алма алмұрт сәбіз қияр т.б)
Тәрбиеші: Балалар қоянға біздің айтқан мәліметтеріміз ұнапты. Бауырсағымызды босатты.
Тәрбиеші: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп: Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ жемеші
Қасқыр: бірақ менімен ойын ойнасаң ғана босатамын дейді.
Тәрбиеші: қасқыр мен ойын ойнаймыз ба балалар.
Балалар: Иә.
ДИДАҚТИКАЛЫҚ ОЙЫН: «Пішіндер» Шарты: дөңгелек қиындысынан бауырсақ жасау (үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек ,сопақша)
Тәрбиеші: Қасқырдың ашуы басылыпты балалар, қасқыр бауырсағымызды босатты.
Тәрбиеші: Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады. Аю: - Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: Аю, аю жемеші
Аю: маған сергіту сәтін айтып берсен ғана босатамын дейді
Тәрбиеші: аюдың ашуы басылу үшін, біз қане онымен бірге аю жайлы сергіту сәтін айтып денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Тәрбиеші: Бауырсақ аюдан да құтылып жорда келе жатса алдынан қу түлкі шығады.
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ жемеші өтінемін.
Тәрбиеші: Мә балалар түлкі бауырсақты ұстап алыпты қане ендеше біз бауырсақты түлкіден құтқарайықшы. Тәрбиеші: Ол үшін біз түлкінің көңілін көтеріп тапсырма орындайық.
(Балалар тапсырмаларды орындайды)
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегіде қонақта болдық? сұрақ-жауап арқылы алған әсерлерімен бөлісу.
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ сендерге түлкіден құтқарғандарың үшін алғысын айтып бауырсақ әкелді. Иісін ай мына бауырсақтың. Балалар мадақталып, қонақтармен қоштасады. Балалар шеңбер құрайық, Қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау, саламат болай