Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ертегі әлемі»
Қорытынды іс-әрекет .
№6 «Балапан» ересек тобы
Тәрбиеші: Шарипова К.К
Есекеева М.Ш
2023- 2024 оқу жыл
Тақырыбы: Ертегілер әлемі (қорытынды сабақ).
Мақсаты:
.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау арқылы білімдерін қорытындылау. Қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтап, геометриялық пішіндермен жұмыс жасай білу.
Міндеті: Мнемотехнология әдісінің кестесі арқылы сөйлем құрап,суреттерді пайдалану арқылы әңгіме құрастыруға және осы әдіс арқылы өлең жолдарын жаттап, баланың есте сақтау, көру қабілеттерін, саусақ моторикасын дамыту
Түрі: Кіріктірілген іс әрекет.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, үлгі заттарды көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілік құралдар: Қасқыр мен жеті лақ ертегі кейіпкерлері, орман бейнесі, санамақтар, слайд суреттері.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері. Музыкамен қимыл көрсетеді.
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң достарым.
Сендерді көрсем сағынамын.
Ұйымдастыру-іздестіру
-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Себебі біздің сабаққа қонақтар келді.
-Тәрбиеші. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын білу үшін сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ.Мнемокесте арқылы.
1. Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар ол не? (Ешкі)
2.Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы. Бұл не? (Лақ)
3. Алыстан сезіп ел ішін,
Көк төбегім ұлып тұр
Бірақ малдың өрісін
Қияннан-ақ біліп тұр. ( Қасқыр)
Тәрбиеші- Балалар қасқыр, ешкі, лақ қандай ертегінің кейіпкерлері.
-Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр мен жеті лақ ертегісі. Балалар Қасқыр мен жеті лақ ертегсін білеміз ба? Осы ертегідегі жаман киіпкер кім? Қасқыр қайда өмір сүреді.
Тәрбиеші.
-Балалар есікті біреу қағып тұрған сияқты.
Ешкі ( жылап ешкі келеді қасында лағы бар) Балалар сендерден көмек сұрап келдім. Мен лақтарыма сүт әкелуге кеткенімде қасқыр менің үйіме кіріп алты лағымды алып кетті. Лақтарымды құтқаруға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші. Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз ешкіге көмек бере аламыз ба? Қасқырдан лақтарды құтқару үшін жасырынған тапсырманы орындауымыз керек.
-Осылайша лақтарды құтқарамыз.
-Балалар, бірге лақтарды қасқырдан құтқаруға келіседі.
1-тапсырма. Сұрақ-жауап арқылы айларды орналастыру.
-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-Қыс жыл мезгілінде неше ай бар?
Балалар сұрақтың жауаптарын айтып суреттерді қояды.
-Көктем жыл мезгілінде неше ай бар?
-Жаз жыл мезгілінде неше ай бар?
-Күз жыл мезгілінде неше ай бар?
Сонда бір жылда неше ай бар екен?
-Өте жақсы, жарайсыңдар балалар.
2-тапсырма: Не қайда мекендейді? ойыны.
Үй жануарлары мен дала жануарларын ажыратып, тұратын мекеніне орналастыру.
3-тапсырма: Сандармен нүктені сәйкестендіру.
4-тапсырма:
Сандардың көршісін тап ойыны.
5-тапсырма . «Мақал-мәтелдер»мнемокесте арқылы айтқызу .
6-тапсырма: ЖОЛЫН ТАП ОЙЫНЫ(САУСАҚ МОТОРИКАСЫ)
7-тапсырма: Сурет
Қасқыр (видео) Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, мен лақтарды босатамын.Лақтарын ертіп топқа логопед кіріп өз тапсырмаларын орындатады. Кешіріңдерші балалар. Рахмет сендерге.
Тәрбиеші. Міне, барлық лақтарды құтқардық. Енді санайықшы неше лақ болды?
7 лақ болды. Керемет балалар!
-Тобымызға лақтардың енесі келіп, ризашылығын білдіріп сыйлығын таратып береді.
Күтілетін нәтиже.
Біледі: жыл бойындағы өткен сабақтарды,ертегілерді, санауды геометриялық пішіндерді , табиғатты қорғауды,өз сезімдерін жеткізе біледі.
Игереді: жыл бойы өтілген білімдерін тиянақтау.
Меңгереді: ешкі мен лақтарға геометриялық фигурадан үй салады.
Рефлексивті-түзетушілік. балалар өз ойларын смайлик арқылы көрсетеді
Қорытынды.
-Бүгінгі іс әрекет сендерге ұнады ма?
-Неше тапсырма орындадық?
-Сендерге қандай тапсырма ұнады?
-Жарайсыңдар, балалар, сендер лақтарды құтқардыңдар.
-Сендер жарадыңдар!
-Балаларды мадақтау.