АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күз аруы" мерекелік сайыс

20.11.2017

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №5 « Қуаныш» бала

бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

Мерекелік  сайыс

тақырыбы:

«Күз аруы – 2017»

(ересектер және ортаңғы  топтар арасында)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:

орыс тілі мұғалімі

Молдагалиева Г.Б

музыка жетекшісі

Бейсембаева А.А

8.11.2017

 

 

 

 

 

 

 

 

«Күз аруы  2017»

 

Мақсаты: 

Балаларға

мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты

қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау,әр түрлі жағдайлардан

шыға білу,өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар! Ел байлығын арттырған,берекелі күз айы да

келді. «Күз аруы -2017» атты  сайысына қош

келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Армысыз асыл халқым ақ жүректі,

Баласына арнаған ақ тілекті

Сынға түсер достары арасында,

Міне ылғи өнерлі қыздар келіпті.

Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды

Жансын деп лайық бәрінің жұлдыздары,- дей келе аруларымызды ортаға

шақырайық!    Қарсы алыңыздар!

 

(Балалар залдың ортасына кіреді)

 

1-жүргізуші:

Күз келіп Күзгі ханшайым

Өткізді күзгі бал айын

Ханшайым тапқыр қыз болды

Ағызар сөйлеп сөз майын

Барша жұртты шақырды

Би де билеп,ән айтты

Қуаныштан шалқыды.

2-жүргізуші:

Кім жүйрік өнерпазды білейікші

«Күз аруы» деп атап, жүрейікші

 Әділқазы

алқасынан әділдікті

Ал қыздарға

тек сәттілік тілейікші,-дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп,төрелік

жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.

 

1.    Балабақша меңгерушісі :  Байкенова С.Б

2.    психолог: Орымбетова Қ. Ә

3.    ата-ана  № 4 ІІ сәби тобы «Ботақан»

 

1-жүргізуші:

Қайсы

әнші,кім биші,

Талабына

қарайық.

Кімдер

зерек, кім жылдам,

Таланттарын

табайық!-деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.

 

1-бөлім: «Кел, танысайық»(өзін

таныстыру)

2-бөлім: «Өнерлі бала- елдің көркі» (өнер сайысы)

3-бөлім: «Күзгі салат» (үйге тапсырма,аналарының көмегімен

                 күздің байлыгы

көкөністермен жемістерден жасалған

                 салат)

4-бөлім: «Сұлулық

сыры» (күзгі сән үлгісі).

 

1-бөлім «Кел,

танысайық»(өзін таныстыру)

2-жүргізуші:

 Құрметті

көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.

 

1-жүргізуші: 

Ендеше сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

 

Ақыл-көркі бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызға өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

 (сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді).

(балалар кезекпенен залдың ортасына шығып өздерін

таныстырады)

2- бөлім «Өнерлі бала - елдің көркі» (өнер сайысы)

2-жүргізуші:

 «Өнерлі бала-елдің көркі»

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би-билеп, ал

біреуі ән салыпты

Бүгінгі

сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер

аянбай жан салыпты,-деп өнер сайысына кезек берейік.

(балалар залдың ортасына шығып,  өз өнерлерін  көрсетеді)

 

3-бөлім «Күзгі тағам»:

2-жүргізуші:

Міне үшінші кезеңге

де келіп жеттік.

1-жүргізуші: 

Бұл кезеңнің

ерекшелігін айтайын ба?!

2-жүргізуші:

Әрине айта ғой...

1-жүргізуші: 

 Бұл кезеңде аруларымыз өздерінің қандай аспаз

екендерін дәлелдейді. Қыздарымыз   сәнді де, дәмді де салат жасап әкелді

 2-жүргізуші:

 Ия,  оларда күтіп қалған шығар.

Өздеріңіздің салаттарыңызды көрсетіп, дайындалу

тәсілін айтып беріңіздер


4-бөлім: «Сұлулық сыры» (күзгі сән

үлгісі).

1-жүргізуші: 

Сынбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сай келіп, дайын тұрған

Қыздарымызға  қызығып қарасатын

Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!

«Сұлулық сыры» кезеңі бойынша, сән үлгісін

тамашалаңыздар. Бірінші аруымызды 

қошеметпен ортаға шақырайық!

2-жүргізуші:

 Сайысымыздың     4-бөлімі    бойынша сайыскерлерімізді  өз фантазиясы бойынша сән үлгісімен ортаға

шақырамыз.

1-жүргізуші:

Кімдер жүйрік,өнерпазды білейікші,

Әділқазыларға төрелік берейікші

Жеңіп шыққан аруға,

Құттықтап тек сәттілікті тілейікші.

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

 

( Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз)

(Аруларымызды 

марапаттау  кезеңі  )

 2-жүргізуші:

Жүзден жүйрік күшімен

Мыңнан тұлпар мықты шың

Құттықтаймыз

ал енді

Бүгінгі

біздің күз аруларымызды.

Өрге жүзіп

өнері

Тауға

өрлесін талабы

Шоқтай болып

жанады

Қуанышпен

жанары,- деп

«Күз аруын» шын

жүректен құттықтаймыз.

 

1-жүргізуші:

- Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын!

 

 

Просмотров: 601


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст