Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: ««Достығымыз
жарасқан»»
Сценарий мақсаты:
Білімділік: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Дамытушылық: Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі
болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру
Тәрбиелік:
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сценарий көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер,
шарлар, ұлттық киімдер
Сценарий барысы:
Жүргізуші: Қайырлы
күн, ардақты әріптестер, балалар!
Жүргізуші: Құрметті
қонақтар мен балалар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар
достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы салтанатты
жиынымызға қош келдіңіздер:
Жүргізуші:
Мен қазақпын, мың
өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым
мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем
күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен
күн түрілген.
Келесі кезекті қазақ үкілдеріне берейік
6 топ балаларының орындауында тақпақтар, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар
мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай
саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін
қазақ жері киелі алтын бесікке айналады.
Келесі кезекті татар үкілдеріне берейік:
2 топ балаларының орындауында татар әні «Үз жырыбыз»,
балалардың тақпақтары, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші:
Көші-қонның
зерделенген тарихтың,
Нәсілдерге нәсіл
болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем
деймін бір жырын.
Татулығын жырға
қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың
бірлігін дей отыра
Келесі кезекті кавказ үкілдеріне берейік:
8 топ балаларының орындауында кавказ биі , балалардың тақпақтары, ұлттық
тағамдар.
Жүргізуші:
Тілі бөлек болған
менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар
ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Келесі кезекті корея үкілдеріне берейік:
7 топ балаларының орындауында корея халқының биі , ұлттық тағамдар.
Жүргізуші:
Ортақ бізге бір
отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр
ортақ, Ортақ бізге барлығы.
Жүргізуші:
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, украин биін тамашалауға шақырамыз
Келесі кезекті украин үкілдеріне берейік:
9 топ балаларының орындауында украин биі , балалардың
тақпақтары, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші:
Ағайын – туған –
бар адам,
Адалдық үшін
жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын
тыныштық !
Осымен, бүгінгі «Достығымыз
жарасқан» атты 1 мамырға арналған фестивальді аяқтаймыз.
Сау - саламат болыңыздар!