АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы Жеңіс жасасын»

05.05.2017

№5

"Қуаныш" бала бақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық

кәсіпорны

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

 

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс жасасын»

(Ересектер тобы №2, 8, 9)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:

дене шынықтыру

нұсқаушысы

Б.С.Касенова

 

05.05.2017ж.

 

 

 

 

 

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

-Құрметті балабақша ұжымы, қонақтар. Жеңіс күніне арналған салтанатты

жиынды бастауға рұқсат етіңіздер!

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрестердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Балалар маршпен залға кіреді.

№2 «Жұлдыз» ересектер тобы

№8 «Құлыншақ» ересеектер тобы

№9 «Қуырмаш» ересектер тобы

 

Ливитанның

дауысы:

Алақай! Сүйінші!

Жеңіс келді далама!

Жеңіс келді қалама!

Қуан шаттан!

Құтты болсын бұл мейрам!

Сүйінші, халқым, сүйінші!

Сүйіншіге – сүйінші!

Шаттан, ата-анамыз,

Шаттан ата-баба.

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресе,

Жалғасып той-мереке.

 

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

1941 жылдың 22 маусымында Гитлердің Германия Отанымызға соғыс жариялады.

Біздің әкелеріміз бен ағаларымыз, апаларымыз қанды шайқастарға аттанды. Біз

үшін жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

№5 «Қуаныш» балабақшасының директоры Байкенова С.Б. дене шынықтыру

нұсқаушысы рапорт береді.

 

№2 «Жұлдыз» ересектер топ командирі балаларға команда береді:

Сап тік түзу тұр, маған қараймыз.

Командир дене шынықтыру нұсқаушысына рапорт береді

Командир сөзі - №2 «Жұлдыз» ересек тобының сарбаздары, «Жеңіс күнінің»

сап түзу мерекесіне дайын.

Топтың аты және ұраны

№8 «Құлыншақ» ересек тобы командирі балаларға команда береді:

Сап тік, түзу тұр. Маған қараймыз.

Командир дене шынықтыру нұсқаушысына рапорт береді

Командир сөзі - №8 «Құлыншақ» ересек тобының сарбаздары, «Жеңіс

күнінің» сап түзу мерекесіне дайын.

Топтың аты және ұраны

№9 «Қуырмаш» ересек тобы командирі балаларға команда береді:

Сап түзу тік тұр. Маған қараймыз.

Командир дене шынықтыру нұсқаушысына рапорт береді

Командир сөзі - №9 «Қуырмаш» ересек тобының сарбаздары, «Жеңіс

күнінің» сап түзу мерекесіне дайын.

Топтың аты және ұраны

Дене шынықтыру нұсқаушысы - №2 «Жұлдыз» тобының орындауында ән: «Жас ұландар жыры».

 

 

 

Тақпақтар:

Асыл

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,                                

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

 

Қ.Али

Әлия, Мәншүк апамыз,                                                               

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды,

Қорғап батыр атанды.

 

Біз еліктеп өсетін

Батырларың десе кім:

Әлия, Мәншүк анамыз,

Бауыржан біздің атамыз.

                                     

Айару

Елге қауіп төнбесін,                                                            

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

 

 

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

№9 «Қуырмаш»

тобының орындауында ән «Сарбаздар».

 

Тақпақтар:

Мәди       Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.                                                          

Көктем шуақ –

Тоғызыншы мамыр күні.

Айтшы, кәне,

біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па

көктемге сай келуі.

Біздің Ұлы

Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге

шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы

Тоғызыншы май күні

Алмастырған

қуанышқа қайғыны.

 

Әдия    Тыныштық! Жаса тыныштық!                                                  

Осы сөз бізге

тым ыстық.

Көркейе берсін

ырыс-құт!

Бақытты болсын

балалар

Соғысты сүймес

адамдар.

Өркендей бесін

қалалар,

Гүлдене берсін

далалар.

 

Әсет    Жауынгер біздің саңлақтар,                                                               

Жауды жеңген

солдаттар,

Ардақты Отан –

ел үшін,

Бақытты туған

жер үшін,

Жау шатырын

жықтырып,

Жауға тізе

бүктіріп.

Жарқ етті

елдің ерлері,

Бауыржан мен

Панфиловтың солдаттары.

 

Ғани    Қамықпаған қиындықтың үрейінен,                                         

Өздеріңе силап

қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ

– бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз

Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген

жақсылықтың сыңары

Жігерменен

құштарлықтың құралы

Күрескердің

арманы мен ұраны

Қуаныш пен

мерекенің бұлағы.

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

№8 «Құлыншақ»

тобының орындауында ән «Жеңіс күні».

Тақпақтар:

Нурали

Отанға жаулар

қаптады,                                                              

Опасыз жаулар

таптады.

Қасиетті жер

үшін

Қастерлеп

батыр ел үшін.

Әлия, Мәншүк,

Төлеген,

Жауларды көзін

жойды олар.

 

Дәулет

Ардагерлер –

атамекен айбыны,                                                 

Сақтады олар

елін-жерін, намысын,

Ақтады олар

азаматтық борышын.

Сол үшін де

қолтығынан демейік,

Ардагерге,

майдангерге

Барлық жерде

басымызды иейік.

 

Диана

Барша халық

жеңіс күнін тойлады,                                                      

Жас сәбилер

думандатып ойнайды.

Ардагерлер

көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың

амандығын ойлайды.

 

Мансур

Құтты болсын

жеңіс күні, ағайын                                               

Көптен күткен

ұлы күнде жар салайын.

Ата – бабам

қан берісіп шайқасқан,

Ата-бабам

намыс бермей айқасқан.

Жеңіс күнін

қарсы алайық бәріміз.

Жеңіс күнін

тойлайық жас кәріміз.

Осындай бір

бейбіт өмір сыйлаған

Ардагерлер,

ағаларға мың алғыс.

 

 

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ұлы

Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,

Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигельдинов т.б. өз жерлестерміз: Тулақбаев Арон ата,

Аяпбергенов Қамеш ата, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен әкелеріміздің рухына

бас иіп еске аламыз.

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

-                    

Балаларға

алаңға гүл апару.

-                    

Бір

минут үнсіздік (Салют жіберуге болады).

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Әсем

әндей, қонып күйден,

Жылдан-жылға

жаңғыртып,

Жаса,

Жеңіс – ер ерлігі

Сен

жасай бер мәңгілік.

 

 

Сөз кезегін №5 «Қуаныш» балабақшасының меңгерушісі С.Б.Байкеноваға,

ата-анаға сөз беру.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Осымен

«Ұлы Жеңіс жасасын» атты тәрбие сағытымыз аяқталды.

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст