АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

12.04.2017

« Ханталапай»  ойыны

Зал қазақтың  ұлттық 

бұрышымен безендірілген, күй ойналады.

Тақырыбы:  Қазақтың ұлттық

ойыны «Ханталапай»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы

интеллектуалдық, тапқырлық,ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

 Шаттық шеңбері:

        Күннің көзі ашылып,

        Көкте шуақ шашылып,

        Көктем келді арайлы,

        Нұр шуағы молайды

       Ал,кәнекей бәріміз

       Сәлемдесіп алайық

      Сәлеметсіңдер ме,достарым!

      Көңілді күнді бастайық.

 Денешынықтыру нұсқаушысы: Шеңбер

болып,дөңгеленіп отырамыз.

-Бүгін мен

сендерге,ұлтымыздың аса мәдени игіліктерінің бірі-асық ойыны «Ханталапай»

туралы  айтып берейін.(слайд көрсетіледі)

Балалар асық ойыны

қазақтың дәстүрлі ойыны,бұл ата-бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні

байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз. Асық ойыны күндіз

де,түнде де ойнала береді.Күндізгі асық ойыны –мергендікке,түнгі асық

ойыны-ептілікке баулиды. Қазақ халқы қойды көп өсіргендіктен асықты қойдың асық

жілігінен жинап алып оны жақсылап тазартып кептіріп алатын болған.Асық

ойындарын еңбектеген баладан,үлкен кісіге дейін ойнайтын түрлері болған.

Асық қазақ халқының,ырымдарында

қадірлі сүйектің бірі.Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын тағып,айбатты

қайтпас қайсар болсын деген. Ал,қыз баланың бесігіне еліктің асығын әдемі

сұлу,ел қызығар көркі болсын деген ырыммен тағып қоятын болған

екен.Балалар,Абай атамызда осы «Ханталапай»ойынын жақсы ойнаған. Мынау

суреттерге (Интерактивті тақтадан) назар аударайық. Міне,иіргенде қалпына қарай

түскен асық-алшы,тәйке, бүк,шік  -деп

аталады. Ал,асық төбесімен немесе екі аяғымен тік тұрса,-оны «Омпы» деп атайды.

«Омпы»асықтың қалыпты жағдайы емес.Ол жағымен өте сирек түседі.Сондықтан

«омпы»ойын ержесіне көп қосылмайды

әрі,өте сирек

кездеседі.  (слайд ретімен таныстыру )

Осы кезде ата

келеді, балалармен амандасады.

Ата: - Балаларым

амансыңдар ма? Мен сонау жақтан сендермен асық ойнайтындарыңды естіп келіп

тұрмын.

-Сәлеметсізбе, ата!

Қош келдіңіз,сізбен ойнаған бізге өте қызықты болар.

Дене шынықтыру

нұсқаушысы: -Ата,балалар дұрыс айтады. Сіз ойынды ұйымдастырыңыз,біздің балалар

ойнауға дайын.

Ал,енді балалар

Көтерейік көңілді

Ханталапай ойынын

ойнайық

Ұтып алып асықты

Ойымызды шыңдайық!

-Олай болса,мен

сендердің орталарыңа  асықты шашамын,одан

бұрын әрқайсысыңа  мынадай әшекейлі

дорбаларды сыйлаймын. Себебі,асықты жинап,салуларың керек.

«Талапай-ау,талапай,табылды

ойын алақай!»- деп айтып,балаларда қайталайды,қоржындағы асықты бөліп алады.

Балалар жарыса, «Ханталапай»

деп дауыстап

асықтарды  таласып алады. Хан асығы

қолына түскен  бала алғашқы боп ойынды

бастап,асықтарды атады. Тигізген  бала

асықтарды ұтып  алады.Тигізе алмай қалған

жағдайда,ойын жүргізушінің тапсыралары- на жауап береді. Тапсырмаға бала дұрыс

жауап берсе,келесі асықты атады.Екінші ретте тигізе алмаған бала өз кезегін

асығы көп келесі балаға береді.Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса,басқа

балалардың жауап беруіне болады.Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап

берген  балаға беріледі. 

Қойылатын сұрақтар:

1.Қазақстанның

тұңғыш президенті кім кім?

2.Қазақстан

Республикасының рәміздерін ата?

3.Ұлттық ойындардың

түрлерін ата?

4.Аптада неше күн

бар?Апта күндерін ата?

5. Бүгін аптаның

нешінші күні?

6.Кішкене ғана бойы

бар,

Айналдырып киген

тоны бар (қой)

7.Асық ойындарының

оң жатысын қалай атайды? (бүк,шік, тәйкі,алшы)

8.Егер асық

төбесімен немесе екі аяғымен тік тұрса не деп атайды? (омпы)

9. Қандай мақал білесің?

(білетін мақалын айтады)

10. Көктемде неше

ай бар?

11. Өлең  шумақтарын оқып  бер (білетін тақпақ)

12. Жемістерді атап

бер?

13. Көкөністерді

атап бер?

14.Еліміздің бас

қаласы қалай аталады?

15. Үй жануарларын

атап бер?

16. Жақында қандай

мерекелер тойланды?

17. Бұл қай

ертегіде кездеседі?

18.Бір жылда неше

мезгіл бар?

19. 10 санына дейін

санап бер.

20. Қайсысы көп,

қайсысы аз?

21.Түстерді ата

22. Қазақ ұлтының

бұйымдарын ата (кигіз үй, алаша, қамшы, сандық т.б)

23. Ненің суретін

көріп тұрсың,бұл туралы айтып бер (бесік оған кішкентай бала жатады.)

  Д/ш нұсқаушысы:

-        

Балалар,

сендерге рахмет! Бүгін өте жақсы белсенділік таныттыңдар.

 Ата: -Ия, балалар сендерге алғысым

шексіз. Мен сендерге  жай келген жоқпын.

Мадақтау хаттарым бар.

 Балаларды «Ең үздік », «Ең алғыр»,

«Ең епті» және «Белсенділіктері» үшін марапатталды.

Д/ш нұсқаушысы: Біздер шымыр,жүйрік те

                              

Ойынменен шынықтық,

                                 Еп

қана емес бірлікте,

                                Керек екен соны ұқтық!-деп ойынымызды

аяқтайық!

Ата : - сендерге

бақыт тілеп,ақ батамды берейін.(батасын беріп,кетеді)

Балалар қоштасады.

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст