Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
№5 “Қуаныш” бала бақшасы МКҚК
Ертеңгілік
«Ардақтайық ананы»
Тәрбиешілер: Б.М.Шабарова
Г.С.Киребаева
Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып
тұрады.
Ғани: Жігіттер мында не болып жатыр?
Нұрдәулет: Неге ата-аналар жиналды
екен?
Әмір: Бүгін не мереке ме?
Аңсар: Әрине, Аналар мерекесі ғой,
қыздар қайда?
Мади: Ой, қыздарды қайтесіндер,
Олардың бәрі бұзық қой.
Ильдар: Қыздар бұзық емес, олар
ерке.
Диас: Қыздар бізге керек.
Асылхан: Онда қыздарымыз қайда екен?
Саша: Дүкенде жүрген шығар?
Батыр: Қыздарымыз сәнденіп жатқан
шығар?
Бекхан: Мерекеге
дайындалып жатқан шығар? Абдулазиз: Қыздар әдемі көйлектерін
киіп жатқан шығар? Әсет: Онда қыздарымызды шапалақтап
ортаға шақырайық.
Бекхан: Олай болса жігіттер, сұлу қыздарымызды мерекелік
кешімізге шақырып келейік! Ұлдар
қыздармен жұптасып билеп
кіріп,орындарына тұрады. Ғани: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық, Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
«Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қымбатты, сүйікті аналар, әжелер,қыздар!
Бүгін
көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!
- «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.
Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына
арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар! Тақпақтар: Бекхан,Аружан,Аңсар,Дайана
Би: «Далеко от мамы».
Ақбота: -білесің бе,
Абдулазиз? Ана деген керемет асыл жан, менің
анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында
шөлдесем тұрып шырын беретін.
Абдулазиз:
-Ал, менің анам ұйықтар алдында ән,
ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу
беретін сөздер айтады.
Ақбота: - Ән демекші бүгінгі
аналарға арналған мерекемізді
әнмен жалғастырайық.
Абдулазиз: -
Дұрыс айтасың Ақбота.
Мейірімді де, сүйкімді аналар мен
әжелерге арнап ән айтайық. Ән: «Ана-әже» қабыл алыңыздар. Жүргізуші:- Бүгінгі мереке күні
әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы
бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі өлең шумақтары сіздерге арналады
құрметті әжелер.
Тақпақтар: Әсет,Ақбота,Диас,Ғани,
Әзіл:
«Әжелер»
1 әже: (Ғани)
Немерем менің блатной
Күндіз тыным
таппайды
«Видик көру керек » деп
Кешкі ұйқыға жатпайды
2 әже:(Бекхан)
Немерем менің кір-кір боп
Үйдің
бетін көрмейді
«Киндр» сатып әпер деп
Еш
тыныштық бермейді
3 әже: (Мади) Немерем менің ән
салса
Махаббат деп айтады
Қызың бар ма деп
едім
«Жоқ» деп басын шайқады.
4 әже. (Әсет)
Келіндер келіп қапты ғой
Біз де үйге
кетейік
Немере шіркін тәтті ғой
Барына шүкір етейік
Жүргізуші: Немере деген балдай ғой
Тәттілігі шайдай ғой
Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын.
Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер.
Ән: «Мен қазақтың қызымын»
(Диананың орындауында) Тақпақтар:
Самина,Батыр,Ж.Ділназ,Нұрдәулет
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды».
Шарты: Ортада үстел
үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне
шақырады. Әуен
ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған
кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім
бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Ән: «Құттықтаймын анашым»
(Софьяның орындауында)
Жүргізуші: Құрметті аналар, балалардың үш тілде жаттаған өлең шумақтарын тыңдайық Адина,Софья, Дайана,Джамиля,Саша,
Мадина,Самина Ағылшын тілінде аналарға арналған әнді
қабыл алыңыздар. Келесі әніміз аналар мен әжелердің құрметіне
арналады
Ән: «Бабушке и
маме». Жүргізуші: Ана – біздің күніміз,
Ананың
біз гүліміз.
Ұландарды
қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз, -деп аналарға арналған
тақпақтарға кезек берейік.
Диана,Абдулазиз,Карина,Амир
Би: «Гүлдер вальсі». Тақпақтар: Мади,Адия,Асылхан, Ильдар Ән:
«Анашым» (Аружанның
орындауында)
Жүргізуші:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін,
Би
билейік бәріміз қошеметпен ұл-қыздарыңызды қарсы алыңыздар
Би:«Мамбо».
Жүргізуші: -«Ананың әрбір
сөзі жылылыққа толы, Ананың
көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларыңыздың аналарына дайындаған
кішкентай сыйлықтарын қабыл алыңыздар! Ән: «Аналардың тілегі».
Жүргізуші:
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға -дей отыра
бүгінгі «Ардақтайық ананы!» атты ертеңгілігіміз осымен өз мәресіне жетті.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз
құтты болсын!