Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы
№5 «Қуаныш» бала бақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
«Ана –аса қымбатты
жан!»
№ 4 «Гүлдер» екінші сәбилер тобының 8-Наурыз
ертеңгілігінің
жоспары.
Өткізген: Орумбаева Ж.Т.
Шарипова К.К.
«Ана –аса қымбатты жан».
Жүргізуші: Бар жақсылық,
күллі әлемге таралған,Аналардың ақ нұрынан жаралған- дей отырып қадырлі аналар,
ардақты әжелер,балабақша апайлары сіздерді алдағы көктеммен күлімдей кележатқан
халықаралық әйелдер мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз және
кішкентай бүлдіршіндеріміздің дайындаған « Ана –аса қымбатты жан » атты
ертеңгілікті мерекелік шашу етеміз.
Әуенмен
балалар залға кіреді.
Би:
«Вальс»
Жүргізуші: Келесі
кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Құттықтаймын
сені, салтанатымен!»
Жүргізуші: - «Ананың әрбір сөзі
жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші,
балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Санжар:Сіздерден өскен балалар
Батырлармен даналар
Құттықтаймыз мерейраммен
Құрметті аналар!
Айша:Бала,бала,бала деп
Мені өсірген анашым.
Гүлге толсын құшағың,
Бақытты бол анашым!
Амір:Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анамды сыйлаймын.
Алидар:Түн ұйқысын төрт бөлген.
Мәпелеп өсірген,
Ана деген керемет.
Бар қатеңді кешірген
Амина:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бар баланы қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұржан:Айналайын анашым,
Көкте күн боп
жанасың
Ел жүрегі елжіреп
Құшағыңа аласың.
Бір бала ортаға шығады: « Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім,
беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын».(Әділхан)
Кәусәр:Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Дидар:Мені
жақсы көреді,
Күндей күліп
келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Д.Аружан:Мен ауылға барамын.
Әже тілін аламын
Қонаққа ол кеткенде,
Үйді бағып қаламын.
Тиара:Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Балнұр:Аналарды
сүйеміз,
Сөзің ойға түйеміз
Әркашан да ардақтап,
Әжеге бас иеміз.
Ярослав: Менің әжем ,ақ әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз Ана,тілі әжем.
Әділхан:Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем менің өйткені,
Өте жақсы көреді.
Жүргізуші:
Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай
отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Менің әжем »
Музыка әуенімен көктем келеді.
Көктем: Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша!
Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім
келе жатқан көктем мерекелерін құтты болсын!
Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош
келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Жүргізуші: Көктеммен
бірге келген дәстүрлі мерекеміздің құрметіне бүлдішіндеріміздің дайындаған
тақпақтарын әрі қарай тыңдайық.
Сезім:Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнің батса да,
Өзің күнсің баланың.
Аңсар:Мен айтамын тақпақ
Анамды мақтап
Менің анам әдемі
Менің анам аппақ.
Ерсұлтан:Ішім ауырса, тісім
аурса
Анам дәрі береді.
Барлық адам, барлық
бала
Оны жақсы көреді.
Ильяс:Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді аламын,
Ақылды болам.
К.Аружан:Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың:
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
Ева:Ана деген ақ көңіл
Күнмен бірге күледі
Ана деген шат көңіл
Шарықтайды үнемі. |
|
|
Ойын: Көктеммен бірге «Гүл жинау». |
Жүргізуші: Балалар бізге қонақа балапандар келіпті. Бірақ
олар өте көңілсіз.
(Балапандар
жылайды).
Жүргізуші: Сендерге не
болды? Неге жылайсыңдар?
Балапандар: Анамыздан адасып
қалдық?Анамызды қалай табамыз?
Күн жоқ, қараңғыда жолды қалай табамыз?
Жүргізуші: Егер күн
болмаса, жылу да болмайды. Күн бұлттың арасына кіріп ұйықтап қалған шығар, күн
болмаса көктемді қалай қарсы аламыз.
Балапандар: Күнді тауып, ояту керек.
Жүргізуші: Балапандар,
сендер әлі кішкентайсыңдар. Күнге барар жолды қалай табасыңдар? Сендермен
бірге көктем барсын.
Көктем: Жақсы мен бірге
барайын.
Көктем:Жолда кімді
кездестірсек, содан сұраймыз. (Балапандар жолға шығып кетеді, алдарынан мысық
шығады).
Мысық : Мяу-мяу, мяу-мяу.
Көктем: Сәлеметсіз бе, мысық. Сіз білесіз бе? Күн қайда тұрады?
Балапандар: Біз анамыздан адасып қалдық.Егер күн шықса, біздің анамыз келеді.
Мысық: Мен үйден шықпаймын. Күннің қайда тұратынын мен білмеймін.
Сендер оданда иттен сұраңдар?
Балапандар
көктеммен итке барады.
Көктем: Сәлеметсізбе ит.Сіз білесіз бе,күн қайда тұрады және де оны қалай ойяту керек екенін. Мына балапандар аналарынан адасып
қалыпты.
Ит: Әрине білем.Күнді ояту үшін бір көңілді әнді қатты айту керек.Сонда ғана
күн оянады.
Жүргізуші:Кәне балалар бәріміз балапандарға көмектесейік, күнді оятайық. Ол
үшін «Алақан соқ» өлеңін айтайықшы,
содан кейін күн шығады.
Ән: «Алақан соқ».
Күн: Кім мені оятқан?
Көктем: Күн тезірек шықшы. Мына балапандардың анасын тезірек тауып берейікші.
Жүргізуші: Күн ұйқыңнан тұр. Бізге көктем келе жатыр. Жерде сені бәрі күтіп
жатыр.
(Күн шығады. Балапандардың ансы
шығады -тауық).
Тауық шығады: Менің балапандарым қайда? Аналарыңа келе қойыңдар? Мен сендерді әрең
таптым, қатты сағындым.
Балапандар: Хормен: Алақай, анамыз келді!
Би:
«Шөжелер»
Жүргізуші: «Ана да күн
сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін
қараңғылық кернейді.
Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан
сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес». Сондықтан балалар аналарымызды
ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүрейік.Бәріміз
қосылып аналарымызға ән айтайық.
Ән: «Мерекенмен анажан».
Жүргізуші: Сүйкімді ғой
балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Қуаныш» бақшасы.
Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді
балаларымыз әрқашан аман болсын!