Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі.
Бүгінгі балабақшаларындағы оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы сабақ
формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге,салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді.
Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор.
«2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып
- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;
- жаңа сөздерді меңгертеміз;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті.
Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі - Жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түсте болуы керек .
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
1.Жұптық.
2.Топтық.
3.Ұжымдық.
Жұптық оқыту.
Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады.
Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі: ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себебін тигезеді.
Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту.
Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке – дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту.
Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен- екіншісі үйренуі ; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы.
Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі , тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мәселе:
- Орыс тілді балалардың қазақ тілінде сөздік қоры аз болуында
-Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы
- Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы
үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
- Жай, жайылма сөйлемдерді құрастыра алмауы
- Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмауды
- Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды
тыңдап түсінуге, жаттап алмауы
- Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ
қойып, жауап беруді білмеуі.
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері
3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді
талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту.
Мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар
бейнелер бойынша әңгімені, ертегіні, тақпақтарды
мазмұндап беру.
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс
айтуға үйрету
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Жұмбақтарды жасыру және
жауабын табу.
5. Тақпақтарды жаттау.
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.
Балалардың ойын дамытуда тағы бір әдістің түрі бұл - үстел үстіндегі мнемокестені ұйымдастыру. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.
Үстел үсті мнемокесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап , жан – жақты таниды . Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны қызығушылықпен орындайды
Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.
1.Тіл дамыту сабағында қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, тілге тән
дыбыстарды айтуға қалыптастырады.
2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.
3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы сабақты түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.
Осыдан шығатын нәтиже :
- Әр баланың сөздік қоры байып, тілі дамиды.
- Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Баланың жеке қабілеті анықталады.
- Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады.
- Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
- Әр баланың танымдылық белсенділігі
артады.