АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ТРИЗ технологиясы"

10.02.2017

     

№5 «Қуаныш» бала бақшасы

Мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

Баяндама

 

 

«ТРИЗ технологиясы»

(№3 педагогикалық кеңес)

 

  Дайындаған: Такенова А.С.

31.01.2017 ж.

 

Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті

қазақ мектептерінде , бала бақшаларында  балалардың

 білім сапасының деңгейін халықаралық

дәрежеге жуықтату.

Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі

білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды

бала бақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке

дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті

ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бала бақшада

жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен

тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып,

жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Бала бақшада

қолдануға тиімді

технологиялар:

1. ТРИЗ технологиясы.

2. Тәй - тәй технологиясы

3. Монтессори технологиясы

4. Зайцев технологиясы

5. Дамыта оқыту технологиясы


Қазақстан Республикасының «Білім туралы»

Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық

қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелірінің мұғалімдеріне,педагогтарына өзіне

оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті

авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес және оқытудың

тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, Генрих

Саулович Альтшуллер жасаған ТРИЗ

технологиясы.

ТРИЗ-дің ұраны «Барлығын айтуға

болады?»

     1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық

әдіснама бойынша жұмысын бастады. ТТШТ атауы кейінірек 70жылы пайда

болады.   ТРИЗ технологиясын  Г.С.Альтшулер

ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық

мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады.

Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің

жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі балалық шаққа

бейімделген  ТРИЗ  технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды

орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып,

оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге

мүмкіндік береді.   ТРИЗ және оның

принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық

тапсырмаларды шешуге  қолайлы.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған

әдіс-тәсілдер төмендегідей:

·       

Жүйелік жақындау - Компоненттік, құрылымдық, функционалды

және генетикалық жақындаудың элементтер негізінде қоршаған ортаның жүйелік

көріністерінің бастауларын қалыптастыру. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын

бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру, объектінің осы

шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және

кеңістік туралы ұғым беру.

·       

Каталог әдісі - Балаларды кез-келген таңдалған сөздің

белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.

· 

          Қарама - қайшылықты

шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;

· 

Сиқырлы объектілер әдісі – балаға  таныс объектінің сипаттарын екініші бір

объектіге таңып айту, қолдану;

· 

Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.

Осы

әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады.1-10 дейінгі

өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?» «Ертегі түстері», «Бейне

құрастыр» ойындары кең қолданылады. Балаларға математикалық бойжазарлар, соның

ішінде цифрлар туралы да қызықты болады. Мысалы: Мұрны таяқ. Қандай

сан?(1)  Қай цифры жүйрік? ( 3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу

жылында балалар заттар қасиетін: түсін, пішінін, өлшемін ажыратуды үйренеді. Ол

үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор: «Фигуралар

несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «Не өзгергенін анықта?»

«Фигураларды аяқта» «Артық затты тап» «Нүктелер жаттығуы»

Бала тілін

дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін

кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін

арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту мен сөз

таптарын меңгертуі мен өз ойын еркін жеткізеді. Сондай-ақ, балалардың

шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТРИЗ технологиясын

қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды дамыту.Мектепке

дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы

кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылықты жан – жақты дами бастайды.

Сондықтан да осы шақтағы баламен анағұрлым жан- жақты дамытушылық әрекеттер

жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке

тұлғаны дамытуда «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын

қолданудың маңыздылығы зор.

Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі

бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен

шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ТРИЗ – ақылдылардың, құрастырушылардың,

ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактылы ойлауын,

қиялдауымен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Ал, бүгінгі күні

мен осы тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі

балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамыту арттыру жолын қарастыруды жөн көріп

отырмын. Бұл теорияның тілдік қабілеттілерді дамытудағы өте бір маңызды орынды

алатыны айқынды.

Тақырыптың өзектілігі:

Бала тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану аса

маңызды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отыра,

түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байытады.сонымен қатар

баланың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап, өз бетімен жұмыс түрі дамиды,

сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді.

Жұмыстың мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТРИЗ

технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды

дамыту.

Жұмыстың міндеттері:

- Жан – жақты шығармашылық дамуын қамтамасыз ету және

білім беру тәрбиесін құру;

- Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік және сыйлау

қасиеттерімен, төзімділікке тәрбиелеу;

- Ұлттық мәдениетке, ұлттық шығармашылыққа, салт –

дәстүрге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мақсатқа жету жолдары:

1. Ойын түрлерін жүйелеу

2. Бағдарламаны құрастырып, тудыру

Педагогтың міндеті:

- Баланың ойлауын, шығармашылығын жүзеге асыру

- Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерін

қолдану

- Балаларды адамгершілікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа

тәрбиелеу

Дарындылық – ол балалық шақтан бастап шығармашылық

қабілеті артылған және мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен

қарайтын тұлға.

Шығармашылық – ол бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен

сипатталады, яғни іс – әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы,

өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Ең маңыздысы – балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу,

жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену

белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетіледі.

Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың ой –

өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және денсаулық

құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық тапсырмаларды шешу

теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, проблемалық жағдайдан шығу жолын

іздеуде алған білімдерін қолдануға үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті деп

ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст