АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"С Новым Годом!"

13.01.2017

Құтты  болсын жаңа

жыл!

 Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Кел,

жаңа жыл,жеттіңбе тағы айналып.

                     Дастарханды отырмыз саған

жайып,

                     Сені күтті жыл бойы жақсы

үмітпен

 талай ұлыс,талай ел,талай  халық.

Келген сайын

көңілді өсіресің.

Ұлы болсын бастаған

осы көшің.

Төгіп шашапай

тасытып келсең екен

Қазақ деген

халықтың несібесің!

Жүргізуші:Құрметті

ата-аналар!қонақтар,әріптестер.Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Баршаңызға

денсаулық,еңбектеріңіз жемісті болып,Біздің балалардың дайындаған  Құтты болсын жаңа жыл атты ертеңгілігімізге

қош келдіңіздер!

Ән:Жаңа

жыл.

Жүргізуші:Балалар

естимісіңдер?есікті біреу қағып тұрған секілді.

Ой,бізге Қызыл

телпек қонаққа келіпті ғой,Амаңсың ба қызыл телпек.

Қызыл телпек:Сәлеметсіңдер ме?

Жүргізуші:Қызыл

телпек қайдан келе жатырсың?

Қызыл телпек:Әжемнің үйінен.

Жүргізуші: Жолда қорыққан жоқсың ба?Орманда жабайы аңдар көп деуші еді ғой.

Қызыл телпек:Жоқ, мен ешкімнен қорықпаймын.

Қасқыр келеді:Қызыл телпек! Сен мұнда екенсің ғой.Мен сені жеп қоямын.

Қызыл телпек:Жоқ қасқыр,сен мені жеме.

Жүргізуші:Қасеке,

сіз білмеуші ме едіңіз?Барлық жерде жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр,Жаңа жылда

аңдар да,адамдар да бір-біріне мейірімді тату-тәтті болады.

Қасқыр:Жаңа

жыл! Ой, мен ұмытып кетіппін ғой.

Қызыл телпек: Қасқыр онда біз татуласып,би билейік.

Би:Көңілді

би

Қасқыр:Сендерге

рахмет.Мен Қызыл телпекті әжесінің үйіне жеткізейін.

Жүргізуші:

Ал ендігі кезекті біздің балалардың тақпақтарына кезек  береміз.(Абылай,Ланара,Мадияр,Адиля)

Жүргізуші:Мешін

жылап келеді. Мешін сен неге жылайсын? Сенің жылың өте тамаша жыл

болды.Тәуелсіздігімізге 25-жыл болды.

Мешін:Менің

артымнан тауық қуып келеді. Осы кезде тауық келеді.

Тауық:Сәлеметсіңдер

ме?балалар,қонақтар!Балалар бүгін сендер қандай әдемісіңдер,шыршаларың қандай

әдемі.Мен сендерге асығып келдім.Енді мен сендермен бір жыл бойы бірге болам.

Жүргізуші: Құрметті

тауық сенің келгеніңе біз өте қуаныштымыз.Бірақ біздің шыршамызға кімдер

қонаққа келу керек?(Аяз ата мен Ақшақар)

Мүмкін сен бізге

көмектесесің?Ақшақарды тауып алуға (Ұлпалар мен Ақшақарды алып келеді)

Ақшақар келеді:Сәлеметсіздер ме қонақтар,балалар Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Жургізуші: Ақшақар,

біздің шыршамыздың шамы жанбай тұр.Сіз бізге көмектесіңізші:Аяз ата келгенше

шамы жағылып тұрсын,қане бәріміз шыршамызды үрлейміз.Алақанымызды жайып

үрлейік.

Жүргізуші:Ой

рахметАқшақар.(Келесі кезекті әнге береміз)

Ән:Ақшақар(Алдияр,Аделя,Мадияр,Медина

Тақпақтар:(Алдияр,Ақерке,Амир,Медина)

Ойын:Қар жинау.

Тауық:Ой

тамаша балалар! Әндерін де,билерін де өте жақсы.

Жүргізуші: Ал

енді балаларАяз атамызды шақырайық.Бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойласын.Ал

қане Аяз Ата деп шақырайық.

Аяз ата келеді:Асығып келем,асығып келем,қалың қардан шығалмай келем.Амаңсыңдар

ма,балалар!Амаңсыңдар ма,қонақтар!Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жүргізуші:О,Алақай

Аяз ата.Келді бізге алыстан.Қане достым қол ұстасып,Ән айтайық атаға.

Ән: «Шыршамыз»

Жүргізуші:Келесі

кезекті тақпақтарға берейік.(Санжар,Айлана,Арсен,Айя)

Жүргізуші:Балалар

Ақшақар, бізге құр келмепті өзімен бірге ойын ала кепті.

Ойын: «Аққала

құрастыру»

Би:

«Қояндар биі»

Жүргізуші: Балалардың

тақпақтары.(Ж Алдияр, Диана,Дастан,Арулана)

Ән:

Жаңа жыл

Жүргізуші:Аяз

Ата балалар өнерлерін аямай көрсетті,енді сізден сыйлық күтіп отырмыз.

Аяз Ата:

Қааап мына балалардан ұят болды-ау

Тауық:Ата

мен сіздің қапшығыңызды іздеп келейін.

Аяз Ата:Рахмет,тауық

мен сендердің өнерлеріңізді тамашаладым,мен өте ризамын.Енді менің сиқырлы

қапшығымда сендерге әкелген сыйлықтарым бар.

Жүргізуші:Келесі

сөз кезегін Балабақша меңгерушісі Байкенова Сағила Баймұрзақызына береміз.

Жүргізуші:Ендігі

кезекті Ата-аналарға береміз.

Жүргізуші:Жаңа

жылдарың құтты болсын!Жаңа жыл мол табыс әкелсін,жаңа бақыт әкелсін-деп біз

өзіміздің шағын ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келгендеріңізге рахмет!Сау

болыңыздар.

 

 

 

Просмотров: 205


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст