Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Төрлет,Жаңа жыл, Жаңа жыл!»
№ 4 «Гүлдер» ІІ-сәбилер тобы 27.12.2016ж
Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, ұстаздар,қонақтар! Біздің №4 «Гүлдер» тобының балаларының
Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!
Балалар әсем әуенмен залға кіреді.
(қолдарында ұлпақарлар)
Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып
берейікші.
Хоровод: Ән «Шырша»
Әннен соң ортаға балалар шығады,тақпақтарын айтады.
Амир:Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз
біз таласа
Думанымыз
жалғассын
Жаңа
жылға тамаша!
Ева:Тамаша сый алып,
Келді
Аяз атамыз.
Шаттанып,қуанып,
Шырқап
ән айтамыз.
Владислав:Тамаша,тамаша!
Шыршамыз
тұр жараса,
Басында
әсем жұлдызы
Көз
тоймайды қараса.
Балнұр:Әкем таңдап әкелді
Ең
үлпілдек шыршаны,
Иісі
аңқыған шыршаны,
Жарқыраған
шыршаны.
Саңжар:Қараңдар мынау
шыршаға,
Неткен
әсем көрікті.
Жаңа
жылдық думанға,
Аяз
ата келіпті.
Барлығы
бірге: «Келе жатқан жаңа жылдарыңыз, Құтты болсын!»
Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме,
біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки,
бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық. ( Балалар тығылады, Ақшақар келеді)
Ақшақар:Балалардың Жаңа жыл
мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты
едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. (Балаларды іздейді. Мысықтың даусы
шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы
шығады). Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін (Балаларды табады).
Сәлеметсіздер
ме балалар! Бала бақшаның қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым,
сіздерге мейрамға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар!
Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай
әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар
шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін біз
шапалақтаймыз.
Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды)
шамдар жанады. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үрлеміз. (Балалар үрлейді,
шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.
Ақшақар: Қандай сиқыршымыз бәріміз.
Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.
Жүргізуші: Ақшақар бізде тағы да
сиқыршы бар. Бәріміз сол сиқыршының өнерін тамашалаймыз. (Сиқыршы бала фокус
көрсетеді - жәшікке кішкентай қуыршақ салады, үлкен Айқызды шығарады).
Жүргізуші: Мынау кім екен?
Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю.
Қыста аю ұйықтайды, ал біздер оны оятып жібердік. (Аюдың қасына барып) Аю оян,
Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды
көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді. (Аю оянды).
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен
ойнашы.
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар,
қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен
сендермен ойнамаймын, одан да мен ұйықтаймын (шыршаның алдына жатады да
ұйықтайды).
Ойын «Аюды оятайық». Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю
балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.
Аю (оянып): Ақшақар, ал Аяз Ата
қайда?
Ақшақар: Білмеймін Аю. Аяз Атада
жұмыс көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.
Аю: Мен орманға барып Аяз Атаны
іздеп келейін. (Аю шығып кетеді).
Жүргізуші: Аю мен Аяз Ата келгенше
Ақшақарға арнап би билеп берейік.
Би: «Ұлпақарлар»
Ақшақар: Рахмет балалар, қандай көңілді, керемет би билеп бердіңдер.
Ал неге Аяз Ата мен Аю
кешігіп жатыр. Канеки балалар, шақырайық оларды.
Балалар: Аяз ата ауууууу!
(Бірнеше рет қайталайды)
(Аяз Ата мен Аю келеді).
Аю: Балалар мен Аяз Атаны таптым.
Сендер шақырмағанда біздер адасып кетеді екенбіз.
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме балалар!
Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата.
Біздер балалармен ойнадық, биледік. Ал енді балалар сізге ән орындап береді.
Ән: «Аяз ата»
Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық
Аяз атаға арнаған
Тақпақтарымызды айтайық.
Айша:Аппақ тонға оранып
Базарлықты
мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Әділхан:Аққырауға малынған
Ақша
қардай сақалы
Көптен
күтіп сағынған
Көрдік
Аяз атаны
Нұржан:Тақпақтарды жаттадық.
Би
биледік көрсін деп.
Аяз
ата қуанып,
Бізге
риза болсын деп.
Алидар:Сақалы аппақ күмістей
Тістері
аппақ күріштей
Қызыл
ала шапаны
Сағындым
Аяз атаны!
Ақшақар: Аяз Ата, ал сен балаларға қандай ойын әкелдің?
Аяз Ата: Мен ойынға қар әкелдім,
қазір қармен ойын ойнаймыз.
(Аяз Ата шашады, ал балалар
жинап алады. Ойын 2 рет ойналады).
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, Аю
қараңдаршы мына жерде қандай үлкен қар жиналып тұр. (Ақшақар мен Аю барып
қарайды).
Ақшақар: Қараңдаршы балалар, ол қар
емес, сендерге дайындаған Аяз Атаның сыйлығы. Аяз Ата да сиқыршы екен.
Жүргізуші: Қане,балалар аяз атаның қапшығы табылды,
сыйлығы мол екен. Соған арнап өнерлерімізді көрсетейік.
Ақшақар: Қандай керемет, мынау
кәдімгі өнерлердің өзі екенсіңдер! Балалар, мен сендерге сыйлық әкелдім ол жаңа
жылдық сақиналар, осы сақиналармен ойнайықшы.
Ойын:«Сақиналар» Сақиналарды
Ақшақардың таяқшасына кигізу керек.
(Ойын 2-3 рет ойналады. 3 рет Ақшақар сақинамен билеуге шақырады. Аюдың дауысы
шығады- балаларды ойнатады)
(Тақпақ айтатын балалардың нөмірлері
жүреді.)
Кәусәр:Аспан жерге төгеді,
Ақ
күмісін уыстап.
Тауық
жылы келеді,
Бізге
қарай жылыстап.
Ярослав:Қуантып елді
Жаңа
жыл келді
Өсетін
болдық
Бір
жасқа енді.
Жаңа
жылым тамаша
Ән
салайық жаңаша!
Д.Аружан:Келді міне Жаңа жыл,
Қарсы
алайық,бәріміз.
Күліп,ойнап,би
билеп
Ән
салайық бәріміз.
Ерсұлтан:Әкелсін жыл ырыс-құт,
Әлемде
болсын тыныштық.
Ән
салайық жаңаша,
Жаңа
жылым тамаша!
Дидар:Жаңа жылда,балалар,
Тек
қуаныш көріндер.
Ауырмандар
ешқашан,
Мықты
болу өзіңнен.
Жүргізуші: Балалар енді біз, 2017
жаңа жыл ТАУЫҚТЫ қошеметпен қарсы алайық!
Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «ТАУЫҚ»
кіреді)
Тауық: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
- Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жүректердің суреттері ішіне жылы сөздер
жазылған),
- Мен сендерге «Ашық аспан сыйлаймын» (бұлт,күн, аспан т.б. суреттер) шашып
жібереді.
- Мен сендерге
Жүргізуші:
Бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық
Би:«Құртақандар»
Санжар:Жаңа жылды тойлайық
Ойнап
асыр салайық
Атамыздың
сиқырлы
Қолғабымен
ойнайық.
Аяз ата: Балалар, шынында
менің қолғабым сиқырлы.
« Қолғабымның сиқыры»-ойын шарты музыка
ойналады,ал тоқтай қалғанда ,қолғап кімнің қолында қалып қойса,сол бала
бірден шыға келеді.(дайындаған
тақпақтарын айтады:Амина,Ильяс,Сезім,Тияра,Борис,К.Аружан,Айлин,Владислав)
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым.
Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет,
өркендерің өссін. Енді
Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау
болыңыз Ақшақар.
Жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
Жүргізуші: Міне, жаңа 2017 жыл да келді. Ал 2017 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз
арылмасын.
Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,
қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Амир: Жаңа жылда жол болсын!
Амина: Әрбір үйде той болсын!
Кәусәр: Берекелі жыл болсын!
Алидар: Ақ дастарқан мол болсын!
Өткізгендер: К.К. Шарипова Ж.Т.Орумбаева