Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Музыка әуенімен
балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар ,қонақтар жаңа
жылдарыңыз құтты болсын.
«Жаңа жылды тойлаймыз»атты ертеңгілігімізге
қош келдіңіздер.
Балалардың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл
алыңыздар.
Музыка
әуенімен:Түлкі мен Қоян кіреді.
Түлкі:Қоян
мен жаңа жылға жаңа мұздан үй салдым.Жаңа жылды жаңа үйде қарсы аламын.
Қоян:
Түлкі менде ағаштан үй салдым.Жаңа жылды менде жаңа үйде қарсы аламын.
Кенет қатты жел
тұрып,боран соғады сол кезде түлкінің үйі құлап қалады.
Түлкі :Жылап
енді не істеймін үйсіз қалдым енді жаңа жылды қайда қарсы аламын.
Қоян:
Жылама түлкі жүр менімен бірге тұр.
(екеуі бірге тұрып жатады)
Түлкі:Қоян
кет шық бұл менім үйім енді шық қане, шық қане.(шығып кетеді)
Жүргізуші:Қоянжан
сен неге жылап келе жатырсын.
Қоян:
Менім үйімді түлкі алып қойды.
Жүргізуші:Қоян
сен ренжіме бізбен бірге жаңа жыл мерекесін қарсы ал ,көңіл көтер.
Жүргізуші:
Сенің кішкентай көжек достарың өнер көрсетеді.
Би «Қояндар»
қабыл алыңыздар.
Жургізуші:
Келесі кезекті тақпақтарға берейік.
Жаңа жыл,Жаңа жыл,
Жаңа жырға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр. Айым
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле,Төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын. Әкежан
Жаңа жылда ,балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен. Мирас
Оралды өлкеме,
Жаңа жыл ,армысың.
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау ,қарлы шың. Кирилл
Тілеймін мен бар әлемге ,
Дос көп болсын Жаңа жыл.
Ата –әже,әке-шеше,
Құтты болсын Жаңа жыл. Расул
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап. Іңкәр
Міне тағы келіп тұр ,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол щыққан. Азиз
Жаңа жылмен,жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде! Шахислам
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан. Мерей
Жүргізуші:Қоянжан
көңілің көтерілдіме?
Қоян:Йә
көтерілді.
Жүргізуші:
Олай болса жаңа жыл мерекесін әрі қарай жалғастырайық.
Ойын:
«Бірдей қырауды тап»
Ойынның шартты:Пішіні әр түрлі қыраулар шашылады.Кішкентайын бір бала,үлкенін бір бала жинайды.
Ортаға екі бала
шығады музыка әуенімен ойын ойнайды.
Музыка әуенімен Аю
кіреді залға.
Аю:Сәлеметсіңдерме
балалар, қонақтар.Кім шулап мені ұйқыдан оятқан?
Қоян:Сол
кезде қоян тағы жылайды.
Аю:Қоян
сені кім ренжітті ,неге жылап тұрсын?
Қоян:
Менің үйімді түлкі тартып алды.
Аю:Жүр
көмектесейін ,жылама көрсет үйіңді.
Аю:Түлкі
шық қане қоян үйінен,шық дедім мен саған .
Түлкі:Шықпаймын
кет бұл жерден бұл менің үйім.
Аю сенің бытшытыңды
шығарамын кет бұл жерден.
Аю қорыққанынан
кетіп қалады, аю кетпеңіз бізбен бірге көңіл көтеріңіз.
Аю сізге арналған
биіміз бар қабыл алыңыз.
Би:
«Ақ аюлар»
Жүргізуші:Келесі
кезекті тақпақтарға берейік.
Тамаша,тамаша!!!
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдызы,
Көз тоймайды
қараса. Улияна
Ақ қар жапты
даланы,
Жарқыратып
шамдарын,
Шырша келді
ортаға. Медина
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар
тізілген.
Қандай әсем
шыршамыз
Ән шырқайық
баршамыз. Аружан
Жасыл желен
жамылған,
Асыл моншақ
тағылған
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп
сағынған. Аиша
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық
жабылып.
Жолын қойдық жарық
қып,
Шыршаларға шам
іліп. Ақбота
Ақ қар жаптты
даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
,
Шырша келді
ортаға. Ильдана
Әсем шырша
сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге
біз,
Орманға кеп
жетеді. Е.Санжар
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты
баршаны.
Той –маскарад
басталды,
Аяз оны
басқарды. Елдар
Жүргізуші:Ән
«Шыршамыз» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Жаңа жыл мерекесін ары қарай жалғастырайық.
Балалар Аяз Ата мен
Ақшақарда кешігіп жатыр .
Қане бәріміз Аяз
Ата Ақшақар деп үш рет айқайлап
шақырайық.
Балалар:Аяз
Ата,Ақшақар, Аяз Ата ,А қшақар,Аяз Ата, Ақшақар.
Аяз Ата: Амаңсындар
ма ұлдарым!
Амаңсындар ма қыздарым!
Өсті
міне ойларың,
Өсіп қапты бойларың.
Базарлықты мол алып,
Келіп қалдым жандарым!
Жүргізуші:Аяз
Ата Ақшақар сіздерді біз көп күттік.Төрлетіңіз дем алып балаларымыздың өнерің
тамашалаңыз.
Жүргізуші:Ой
Аяз Ата баларымыздың жаңа жылға арналған
тақпақтарын тыңдаңыз.
Жылдың әнін
бастайын,
Аяз-Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп
қарды. Қалима
Аяз-Ата ақ сақалды,
Асып өтіп асқар
тауды
Жеттің бізге таң
ата. Нармина
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол
алып.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата
оралып. Мақсат
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата оралып. А.Санжар
Ақ қырауға малынған
,
Сақалы да мұртыда.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді
жұртына. Аңсар
Жасыл шырша
орманнан,
Бізге арнайы
келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем
іліпті. Томирис
Тоғай да,баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да ,тауларда
Өзіңді
сағынды. Таир
Жүргізуші:Келесі
кезекті әнге берейік.
Ән: «Ақша қар»
қабыл алыңыздар.
Ақша қар:Балалар
мен сендерге бос келген жоқпын мен өзіммен қарша қыздарымды ала келдім
өнерлерін тамашалаңыздар.
Би:
«Ақшақарлар» қабыл алыңыздар.
Тауық:Сәлеметсіңдерме
балалар ,қонақтар жаңа-жылдарыңыз құтты болсын.
Қоян: Тауықты көріп
тағы жылайды .
Тауық :Қоян
сен неге жылайсың бүгін жаңа жыл мейрам ғой.
Қоян:
Менің үйімді түлкі алып қойды енді мен далада қалдым.
Тауық:Солайма
жүр көрсет мен көмектесейін.
Қоян: Аю
қуды қуалмады,сен де қулмайтын шығарсың.
Тауық:
Жоқ мен қуып шығам жүр көрсет үйіңді.Тауық шатырға мініп айқайлайды.Қане түлкі
шық қоянның үйінен.Мен жаңа жылмын мені ренжітуге болмайды.
Түлкі:Міне,міне
киініп жатырмын.Міне қазір шығамын.Үйден атып шығып, кешірім сұрайды.Кешір мені
қоян,кешір мені ренжіткен үшін.
Тауық:Балалар
бүгін бізде жаңа жыл мерекесі ғой бір жолға кешірейік.
Балалар:Кешірейік.
Жүргізуші:Олай
болса жаңа жыл мерекесін жалғастырайық.
Ән: «Жаңа
жыл » қабыл алыңыздар барлығымыз шыршаны айналып ән айтамыз.
Аяз Ата:Ал
балалар маған баратын жерлерлерім көп,кететін уақытта келіп қалды.Балалар мен
сендерге бос қол келген жоқпын сыйлықтарым бар.
Қане қапшығымнан алайын
дегенде қапшығы ашылмайды.Ақшақар кел көмектес қапшығым ашылмай жатыр .
Жүргізуші:Аяз
Ата балалар мүмкін көмектесер ,балалар қане қатты үш рет үрлейік сосын ашылатын
шығар.Балалар үрлейді сосын қапшығы ашылады.
Аяз Ата:
Жаңа жыл жаңа бахыт,табыс әкелсін келесі кездескенше сау болыңыздар.
Жүргізуші:Жаңа
жылдарыңыз құтты болсын.Ертеңгілімізге келгендерінізге рахмет.